+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Әл -Фараби ат. Қаз.ҰУ-нің 11 - сынып оқушыларына арналған
27 Қар, 10:05

Дарынды оқушыларды анықтау мен қолдау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және білімдерін насихаттау мақсатында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті әр оқушының олимпиада қозғалысына қатысуына мүмкіндік беріп және дәстүрлі түрде облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 11 - сынып оқушылары үшін пән олимпиадасын өткізетіні туралы хабарлаймыз.cut 

Олимпиада жалпы білім беретін пәндер: география, биология, физика, математика, химия, жалпы тарих, Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті, ағылшын, неміс, француз тілі пәндері бойынша тест түрінде өткізіледі. Оқушылар олимпиадада бір пәнді ғана таңдай алады.  

Әл-Фараби олимпиадасының жеңімпаздары (I, II, III дәрежелі дипломмен марапатталғандар) Әл-Фараби ат. ҚазҰУ білім грантын алуға конкурс кезінде басым құқыққа ие болады.

Олимпиадаға қатысу үшін http://www.kaznu.kz  сайтында тіркелу керек. (Менюдің жоғарғы жағында «Абитуриент және студент» сілтемесіне кіріп, сол жағындағы «Абитуриент» сілтемесін басу қажет. Негізгі терезеде «Тіркелу» сілтемесі пайда болады. Анкетаны толтырғаннан кейін «Жіберу» түймесін басу қажет).

Олимпиаданың өтетін уақыты туралы ақпарат қосымша хабарланады.