2013 жылдың 13 мен 15 мамыры аралығында Ақмола облысы Щучье қаласында Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушылары республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен өткізген «Тарих ата» қашықтық олимпиадасының қорытынды кезеңіне қатысты.
Олимпиаданың басты мақсаты:
- оқушылардың туған елінің тарихын танып білуге деген қызығушылықтарын;
- шығармашылық белсенділіктерін арттыру;
-.туған елінің тарихы бойынша зерттеу жұмыстарының дағдысын қалыптастыру;
- өскелең ұрпақты Отан сүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады.
Шығыс Қазақстан облысының намысын Глубокое, Бородулиха, Семей мен Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден жиыны 17 оқушы қорғады.
Екінші кезеңнің нәтижесі бойынша 14 оқушы жүлделі 1 бірінші, 8 екінші, 5 үшінші орындарды иеленді.
Олимпиада қортындысы бойынша жүлделі орын алған оқушылар тізімі:
І орын – Глубокое ауданы Жаңа - Ертіс орта мектебінің 5 сынып оқушысы Жұмадилова Рысгүл;
ІІ орын:
– Глубокое ауданы Жаңа - Ертіс орта мектебінің 5 сынып оқушысы Асылбаев Илияс;
- Глубокое ауданы Жаңа - Ертіс орта мектебінің 5 сынып оқушысы Қилыбай Әлия;
– Глубокое ауданы О. Бөкей атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушысы Нұрлан Меруерт;
– Глубокое ауданы О. Бөкей атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушысы Бурқатов Еламан;
– Семей қаласы ДБА Шәкәрім атындағы ОҮТОММ 5 сынып оқушысы Ибраева Салида;
- Семей қаласы ДБА Шәкәрім атындағы ҮТОММ 5 сынып оқушысы Байтлеуова Камила;
– Семей қаласы №22 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Жунусова Назерке;
– Семей қаласы №38 орта мектебінің 7 сынып оқушысы Алиасқарова Аяулым;
– Семей қаласы ДБА Шәкәрім атындағы ОҮТОММ 5 сынып Айтқазы Ермахан;
ІІІ орын:
– Семей қаласы №48 орта мектебінің 5 сынып оқушысы Амангелдинов Арман;
– Семей қаласы №48 орта мектебінің 5 сынып оқушысы Құрманбаев Арман;
– Глубокое ауданы Жаңа - Ертіс орта мектебінің 5 сынып оқушысы Қуатов Асанәлі;
– Бородулиха ауданы Қазақ орта мектебінің 6 сынып оқушысы Асаубаев Темирлан.
Барлық оқушылар мен ұстаздарды үлкен жетістіктерімен құттықтаймыз!