+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
ШҚО оқушыларының республикалық Мағжан оқуларына қатысуы туралы
28 Мамыр, 04:23

2013 жылдың 13 мен 16 мамыры аралығында Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында ақиық ақын, Алаш қозғалысының қайраткері Мағжан Жұмабаевтың 120 жылдық мерейтойы қарсаңында оқушылардың арасында республикалық Мағжан оқулары өткізілді.

Байқаудың мақсаты:

- ақын өмірі мен шығармашылығын тануға деген қызығушылықтарын арттыру;

- ақынның рухани мұрасын, ақын өмірі жайлы мәліметтерді игеруді насихаттау;

- дарынды оқушыларға қолдау жасау.

Байқауға Шығыс Қазақстан облысынан Абай ауданы Көкбай орта мектебінің 8 сынып оқушысы Тұрғазина Арайлым қатысты. Ол «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» номинациясы бойынша жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Арайлымды жеңісімен құттықтаймыз!