+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Облыстық Абай оқуларының қорытындысы
28 Мамыр, 03:26

2013 жылғы 24 мамырда Шығыс Қазақстан білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес облыстың жалпы білім беретін оқу орындары оқушылары арасында XIV Республикалық Абай оқуларының облыстық кезеңі болып өтті.

Байқаудың мақсаттары мен міндеттері:

- мектеп оқушылары арасында Абай және Шәкәрім шығармаларын насихаттау;

- жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының шығармашылық қабілеттіліктерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту;

- оқушыларды Абай поэзиясына, ұлы ойшылдың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.

Байқауға Өскемен, Семей, Риддер қалаларынан, Тарбағатай, Жарма, Ұлан, Аягөз, Глубокое, Шемонаиха, Бесқарағай, Зырян, Зайсан және Күршім аудандарынан барлығы 44 оқушы қатысты. 18 оқушы жүлделі орындарға ие болды (тізім қоса беріледі).

Байқау қорытындысы бойынша І орын алған жүлдегерлер 4-5 қыркүйек күндерінде Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында өтетін республикалық Абай оқуларына қатысуға жолдама алды.

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!