+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетінен Қ. Бітібаева атына өткен халықаралық олимпиадаға қатысу қорытындысы
23 Мамыр, 11:49

20-23 мамыр аралығында Өскемен қаласында Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары Федерациясының клуб мүшесі, академик, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, «Құрмет» орденінің иегері Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева атына қазақ тілі мен әдебиетінен халықаралық олимпиада өткізілді.

Олимпиаданы облыстық әкімдіктің белсенді қолдауымен Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы және Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы ұйымдастырды. 

Олимпиадаға Астана қаласы, Қарағанды, Павлодар, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарынан, сонымен қатар, Қытай Халық Республикасынан, Оңтүстік Корея, Монғолия, Ресей және Қырғызстан Республикасынан 160 дарынды оқушы қатысты.

Олимпиада бағдарламасына сәйкес, 2013 жылдың 21 және 22 мамырында Қазақстан Республикасының үздік білім беру мекемелерінің бірі – Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебінде олимпиаданың 1 (жазбаша – еркін тақырыпта шығарма жазу) және 2 (ауызша – қазақ әдебиеті шығармаларын білу) айналымдары өтті. Олимпиаданың жұмыс тілдері – қазақ, ағылшын және орыс тілі (алыс және жақын шетел мектептерінен келген оқушылар үшін), қазақ тілі – Қазақстаннның жалпы білім беретін мектеп оқушылары үшін.  

Оқушылардың жұмысын құрамында Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы ЖОО-ның (Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің, Қазақстандық-Американдық Еркін университетінің) ғалымдары және республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының, «Нұр Отан» ХДП филиалының қызметкерлері бар қазылар алқасы бағалады.

Олимпиада қорытындысы бойынша, 87 оқушы жүлдегер атанды (жүлдегерлер тізімі қоса берілді). Олар дипломдармен және құнды сыйлықтармен марапатталды (смартфон, электронды кітап, қатты диск).Ең жоғарғы ұпайға Ақтөбе облысының     9 сынып оқушысы – Жаноразов Темірлан ие болды. Оған Қ. Бітібаева атындағы бас жүлде, диплом және теледидар берілді.

Дәстүр бойынша, олимпиаданың үздік қатысушыларына білім беру гранттары берілді.Қазақ Мемлекеттік педагогиалық университетінің грантын Алматы облысының О. Жандосов ат. ОМ 11-сынып оқушысы - Өкен Маржанға                         ф.ғ.д., қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі – Т.Н. Ермекова тапсырды. Қазақстандық-Американдық Еркін университетінің білім беру грантын Жамбыл ат. облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаттың 11-сынып оқушысы – Сәрсембаева Балжанға Қазақстандық-Американдық Еркін университетінің Президенті, ҚР ҰҒА академигі, білім саласының еңбек сіңірген қызметкері –                  Е.А. Мәмбетқазиев тапсырды.

10 оқушы «Нұр Отан» ХДП филиалының грамотасымен марапатталды:

1.  Манап Айгүл – Құлжа ОМ-нің 11-сынып оқушысы, Қытай Халық Республикасы.

2.  Канг Ё Ин – «Достар» ОМ-нің 9-сынып оқушысы, Корея Республикасы.

3.  Осатаева Гульзар – 10-сынып оқушысы, Алтай өлкесі, Ресей Федерациясы.

4.  Әуеспекова Мәдина – Қарағанды қаласының дарынды балаларға арналған Жамбыл ат. №7 мамандандырылған мектеп-интернаттың 9-сынып оқушысы.

5.  Қадим Қымбат – М. Мәметова ат. №27 мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы, Батыс Қазақстан облысы.

6.  Төлекбергенова Сымбат - №4 мектеп-гимназияның 9-сынып оқушысы, Астана қаласы.

7.  Алиева Мадина - №7 мектеп-лицейдің 10-сынып оқушысы, Маңғыстау қаласы.

8.  Ержанова Айгерим - Ә. Досмұхамбетов ат. дарынды балаларға арналған мамандандырылағн мектеп-гимназия интернаттың 11-сынып оқушысы, Солтүстік Қазақстан облбысы.

9.  Төлеубекова Әсел – Зайсан ауданының Мүкарама ОМ-нің 10-сынып оқушысы;

10.                Мухтарова Шахсонам – Шемонаиха ауданының Астафьев ат. ОМ-тің               10-сынып оқушысы;

5 оқушы Алматы қаласындағы Халықаралық білім беру орталығының ақшалай сыйлықтарымен марапатталды:

1. Сапралиев Эдиль – №53 ОМ-тің 10-сынып оқушысы, Қырғызстан Республикасы.

2. Алыршикова Дарья - №38 МГ-ның 9-сынып оқушысы, Қарағанды қаласы.

3. Доля Анастасия - №35 МЛ-дің 9-сынып оқушысы, Батыс Қазақстан облысы.

4. Джубанисова Тойгүл – №1 ОМ-тің 11-сынып оқушысы, Маңғыстау облысы.

5. Кукашева Алмира – №64 МЛ-дің 11-сынып оқушысы, Астана қаласы.

Олимпиада бағдарламасы аясында бірқатар шаралар ұйымдастырылды.            21 мамырда Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебінде «Оқушылар дарындылығын анықтап, дамытудың өзекті мәселелері» атты Дөңгелек үстел өткізіліп, оның жұмысына облыстық басқармалардың басшылары, Қазақстан Республикасы мен алыс және жақын шетелдердің жоғарғы, орта және мектепке дейінгі білім беру ісінің өкілдері қатысты.  

22 мамырда Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатта түрлі деңгейлердегі олимпиадалар мен сайыстарға оқушыларды дайындап жүрген мұғалімдерге арналған Қ.О. Бітібаеваның «Білім беру жүйесін жаңғырту, жаңарту заманындағы мұғалімнің инновациялық ролі» тақырыбында шеберлік-сыныбы өтті. Шеберлік-сыныптың барлық тыңдаушыларына сертификаттар берілді.

Олимпиада қатысушылары үшін облыстық мұражайларға, «Жастар» саябағына, сол жақ жағалаудағы мұражай-кешенге, «Қазақстан» тауына, сонымен қатар, «Восток - Тур - Драйв» туристік базасына экскурсия ұйымдастырылып, онда «We – together!» спорттық ойын-сауық шарасы өткізілді.

Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебінде «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілері мерекелік концерт ұйымдастырды. Өткізілген шаралар барысында және олимпиаданың жабылу салтанатында қатысушылар өздерінің алған әсерлерімен бөлісіп, өткізілген шараның өзектілігін, оның ұлттық дәстүрлерді дамытудағы, халықтар достығын, халықаралық қызметтестікті нығайтудағы  бағыттылығын  атап өтті.  Олимпиаданы ұйымдастырудың жоғары деңгейі атап өтілді, алғыс сөздер және мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, көптілділікті дамыту, дарынды балаларды анықтау және қолдау бойынша жұмыстарды жалғастыруға тілектер айтылды.