Шығыс Қазақстан облыстық білім беру басқармасынын жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми – практикалық «Дарын» орталығы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетімен бірлесіп Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге дайындау аясында жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткерлер үшін онлайн тестілеуді ұйымдастыру бойынша қайырымдылық акциясын өткізуді жалғастырды.
Тест негізгі төрт пән: математика, Қазақстан тарихы, қазақ тілі, орыс тілі бойынша жүргізілді. Бесінші пән – таңдау бойынша: география, химия, физика, ағылшын, Қазақстан тарихы, қазақ тілі, ағылшын тілі, француз тілі, неміс тілі, биология, дүниежүзілік тарих, әдебиет.
ШҚО-ның барлық қалалары мен аудандарынан, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерден 474 үміткер қатысуға тілек білдірді.
Сынама онлайн-тестілеудің қортындысы кестеде көрсетілген (қосымша).
Барлық үміткерлерге жақсы көніл-күй, ҰБТ тапсыруда жоғарғы нәтижелер тілейміз.