«Дарын» республикалық ғылыми–практикалық орталығы 2013 жылдың 3-5 мамыры аралығында«Алатау» шипажайы базасында (Алматы қ.) "Дарынды балаларға - талантты ұстаз» VIІI республикалық педагогикалық олимпиадасын" өткізді.
Олимпиаданың мақсаты - кәсіби педагогикалық білім беру мен педагогикалық мамандықтың маңыздылығын арттыру, осы мамандықты таңдаған талантты жастарды анықтау.
Педагогикалық олимпиадаға дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің, лицей, гимназиялардың жоғарғы сынып оқушылары, педагогикалық (гуманитарлық) колледждардың оқушылары, студенттер мен магистранттар, педагогикалық жоғарғы білім беретін мекемелерінен, жас мұғалімдер мен психологтар (3 жылға дейін еңбек өтілі бар) тәлімгерлер қатысты. Педагогикалық олимпиадаға Республиканың барлық аймақтарынан 350-ге жуық қатысушылар қатысты. Шығыс Қазақстан облысынан Семей қ., Күршім, Тарбағатай, Жарма, Аягөз аудандарынан 12 педагог қатысты.
Республикалық педагогикалық олимпиада қорытындысы бойынша «Жас мұғалім» категориясында марапатталғандар:
- II дәрежелі дипломмен – Нұрғалиев Нурбол Аманжолович, география пәні мұғалімі, мектеп-лицей Аягөз ауданы;
- III дәрежелі дипломмен – Насыр Ануар, физика пәні мұғалімі, Қалжыр ОМ Күршім ауданы.
«Психологтар» категориясында II дәрежелі дипломмен Масалимова Эльмира Бидахметовна, бастауыш сынып мұғалімі, №42 ОМ Семей қ.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің грамоталарымен марапатталғандар:
- Тұрысбеков Мухтар Мажитович, химия пәнінің мұғалімі, Сейфуллин ат. ОМ Аягөз ауданы;
- Тарбағатай ауданы Жетіарал ОМ 10 сынып оқушылары (Байзенова Жұлдыз, Баймухамбетов Ерасыл, Нурланқызы Айдана, Ожаева Бинур).
Ұстаздар мен олардың ұжымын, жоғарғы жетістіктерімен құттықтаймыз! Мықты денсаулық, шығармашылық жоспарларыңыз іске ассын!