2013 жылғы 30 сәуір мен 04 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылары Мәскеу қаласында өткен «Математика және жобалау» халықаралық конкурсына қатысты.
Конкурстың мақсаты: оқушылардың математика пәніне, зерттеу және жобалау қызметіне қызығушылықтарын арттыру, оқушылардың ақпараттық қатынас біліктіліктерін дамыту.
Конкурс жұмыстары төмендегі секциялар бойынша өткізілді:
-Қоғам және табиғаттағы нақты процесстердің математикалық модельдері
-Геометриалық миниатюралар
-Математика және өнер
-Математика тарихы
-Математика ғылымы
-Электронды тақырыпты журнал.
Өңірлік ғылыми практикалық «Дарын» орталығы ұйымдастырған команда құрамында түрлі интеллектуалды конкурстар мен олимпиадалардың жүлдегерлері болды. Халықаралық конкурстың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының командасы 7 жүлделі орын жеңіп алды.
ІІ дәрежелі дипломмен:
- Турганбаев Ануар – Семей қаласындағы экономикалық лицейдің оқушысы;
- Нұрлыбеков Нәдірбек – Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаттың оқушысы марапатталды.
ІІІ дәрежелі дипломмен:
- Еркінова Мадина – Өскемен қаласындағы № 3 көпсалалы мектеп-гимназияның оқушысы;
- Асаубаева Арайлым – Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептің оқушысы;
- Жантуякова Зере – Өскемен қаласындағы №38 мектеп гимназияның оқушысы;
- Мадиев Мирас – Өскемен қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейдің оқушысы;
- Есимбеков Айбас – Семей қаласындағы экономикалық лицейдің оқушысы марапатталды.
Халықаралық конкурсқа қатысқаны үшін сертификат Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейдің оқушысы Шаймарданов Жандосқа және Семей қаласындағы № 39 ОМ оқушысы Байсаков Аскарға берілді.
Конкурс қатысушыларына арнайы мәдени танымдық бағдарлама, Мәскеу қаласындағы белгілі тарихи жерлерде экскурсия ұйымдастырылды.
Жеңімпаздарды, мұғалімдер мен ата-аналарды құттықтаймыз. Сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!