+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Бастауыш сынып оқушыларының облыстық олимпиадасының қорытындысы
06 Мамыр, 10:53

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2013 жылдың 3 мамырында Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы бастауыш сынып оқушыларының облыстық олимпиадасын өткізді.

Шараны өткізудің мақсаты - Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушыларын қолдап, мүмкіндіктерінің толық ашылуына көмек көрсетіп, шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыру.

Олимпиада жалпы білім беретін мектептердің 4 сынып оқушыларының арасында өткізілді. Пәндер бойынша жеке айналым 6 пәннен өткізілді: қазақ тілі, орыс тілі, әдебиет, математика, дүниетану, бейнелеу өнері.

Бастауыш сынып оқушыларының облыстық олимпиадасына облысымыздың барлық аудандары мен қалаларынан, дарынды балаларға арналған облыстық білім беру мекемелерінен 240оқушы қатысты.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен20 оқушы, ІІ дәрежелі дипломмен23 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломмен41оқушы марапатталды.

Аягөз ауданының гимназия оқушысы Оралханова Шырайлым Қ. Бітібаева атындағы бас жүлдені иеленді (қазақ тілі пәнінен).

Жалпы командалық «2013 жылдың үздік командасы» атты жүлде бойынша:

І орынды - Риддер және Семей қалаларының командаларыжеңіп алды;

ІІ орынды - Күршім ауданының және Өскемен қаласының командалары;

ІІІ орынды - Бородулиха ауданының және Шәкәрім атындағы облыстық дарынды. балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектептің командалары;

Олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар, жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар берілді.