2013 жылы 4мамырда Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының аудандардағы білім күндері аясында өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Тарбағатай ауданында дарынды балалармен «Жас дарындар» секциясын жүргізді. Оған С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ғалымдары қатысты.
Семинардың бағдарламасына сәйкес оқытушылар Тарбағатай ауданының педагогтары мен ауданның олимпиада резервтері мектебінің оқушыларымен пәндік лабораториялар, шеберлік сабақтары, математика, биология, физика, химия пәндері бойынша ғылыми кеңестер жүргізді. Осы пәндер бойынша мини-олимпиадалар өткізіліп, соңында тапсырмаларды орындау жолы түсіндірілді. Олимпиада қорытындысы бойынша келесі оқушылар жүлдегер болды:
|
№ |
Оқушының аты жөні |
Мектеп |
Пән |
Орын |
|
1 |
Құмарбекова Жансая |
Гагарин атындағы ОМ |
химия |
1 |
|
2 |
Рашитова Нургүл |
Сәтпаев атындағы ОМ |
химия |
2 |
|
3 |
Абылдабекова Айсулу |
Рысқұлов атындағы ОМ |
химия |
2 |
|
4 |
Серікберген Дана |
Әуезов атындағы ОМ |
химия |
2 |
|
5 |
Калиханова Меруерт |
Тана мырза ОМ |
химия |
2 |
|
6 |
Әлмисакова Ардақ |
Билялов атындағы МГ |
химия |
3 |
|
7 |
Аскербекова Ақбота |
№2 Ақсуат ОМ |
химия |
3 |
|
8 |
Емелбаева Назерке |
Нұрбаев атындағы ОМ |
химия |
3 |
|
9 |
Бахытбек Гүлдана |
Чкалов атындағы ОМ |
химия |
3 |
|
10 |
Қадылбеков Жамбыл |
Сасан би атындағы ОМ |
биология |
2 |
|
11 |
Ризабеков Еркебулан |
Нұрбаев атындағы ОМ |
биология |
2 |
|
12 |
Жалтанова Мөлдір |
Әуезов атындағы ОМ |
биология |
2 |
|
13 |
Халыков Шалқар |
Нұрбаев атындағы ОМ |
биология |
3 |
|
14 |
Кошекова Гүлсін |
Сейфуллин атындағы |
биология |
3 |
|
15 |
Талғатбекова Асыл |
№2 Ақсуат ОМ |
биология |
3 |
|
16 |
Жанабеков Бахытжан |
Нұрбаев атындағы ОМ |
биология |
3 |
|
17
|
Адилова Марал |
Нұрбаев атындағы ОМ |
биология |
3 |
Семинарға қатысушылар үшін Тарбағатай ауданы оқушылары шығармашылық көрме ұйымдастырды. Семинар соңында аудан оқушыларының көркемөнерпаздар концерті өткізілді.