1-13 қарашада Алматы қаласында «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының Обсерваториясында оқушылардың I Қазақстандық Астрономиялық турнирі өткізілді.
Турнирдің мақсаты: мектеп оқушыларының астрономияға, физикаға, космонавтикаға қызығушылықтарын арттыру, космос технологиялары және Космос туралы білімдерін тәжірибе жүзінде оқып білуге және қолдануға, талантты оқушыларды айқындау, олардың мамандық таңдауларына көмек көрсету.
Астротурнир - бұл - жоғарғы сынып оқушыларының күрделі зерттеулерді шешу іскерліктерін және өздерінің шешімдерінде көңілге қонарлықтай ғылыми мәселелерді көрсетулері, олардың ғылыми пікірсайыстарын қорғап қалуы.
Турнирдің қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының командасы 18 команданың ішінен 1 орынды иеленді.
Команданың құрамында Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған қалалық мамандандырылған математика, информатика, физика саласындағы мектептің оқушылары Кушкунов Вадим, Святова Александра, Федоров Виталий, Мейірбаев Мәди, Арестов Виталий болды.