Сіздердің назарларыңызға өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы сурет өнеріндегі дарынды балаларды анықтау және әрбір оқушының жеке қабілетін дамыту, балалардың жеке шығармашылық және көркемдік қабілеттерін жетілдіру, туған елдің салт-дәстүрі мен мәдениетін құрметтеуге баулу, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында «Қазақстан – жаңа әлемде» атты республикалық конкурстың облыстық кезеңі өткізетіндігін жеткіземіз.
Конкурсқа сурет, қол өнерінен ерекше шығармашылық қабілетімен көрініп жүрген 6-17 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатыса алады.
Конкурстың негізгі бағыттары: кескіндеме, мүсін өнері, қолданбалы көркемөнер. Жұмыс тақырыптары: «Тәуелсіз ел армандары», «Дәстүріңнен айналайын, қазағым!», «Қазақстан – 2030», «Табиғат тамашалары».
Конкурстың ережесі http//shygysdaryny.kzсайтында жарияланған.
Конкурсқа әр ауданнан (қаладан), дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден әр бағыт бойынша 1 жұмыстан қабылданады.
Сұраныс түрі:
|
№ |
Оқушының аты - жөні |
Аудан/қала |
Мектеп, сынып |
Жасы |
Шығармашылық жұмыстың атауы |
Мекенжайы |
|
|
|
|
|
|
|
|