Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетімен бірлесіп жалпы білім беретін облыс мектептерінің оқушыларын ҰБТ дайындау аясында «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткерлер үшін кезекті он-лайн тестілеуін ұйымдастыруды жоспарлайды.
Он-лайн тестілеуге 2013 жылдың 21 қаңтарында ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына тапсырыс берген оқушылар қатыса алады. Тестілеу негізгі 4 пән бойынша: қазақ тілі, орыс тілі, математика, Қазақстан тарихынан өткізіледі. Бесінші пән – қалауы бойынша: жаратылыстану, химия, физика, ағылшын тілі, неміс тілі, биология, дүниежүзілік тарих, әдебиет.
Он-лайн тестілеудің басталуы 2013 жылдың 3 және 14 мамырында сағат 14:00 де Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ оқу порталында (www.ektu.kz- ШҚМТУ оқу порталы – Оқушы мәзірі - on-line тәртібіндегі ҰБТ мен ТКТ пәндері бойынша тегін қашықтық тестілеу – Онлайн тапсырысты толтыру – тестілеу - жіберу). Логин мен парольді алғаннан кейін, оқушылар ҰБТ пәндері бойынша тестіленеді.
Өте қажет! Қатысушыларға, «Мекен – жайы» жолында қала/аудан атауларын дұрыс көрсету, «Электронды мекен-жайында» дұрыс E-mail, «Оқу орнының атауы» - мектептің толық атауы мен мекен-жайын толық көрсету, «Үлгерімі» жолындатізімнен «Алтын белгіге үміткерді» белгілеу. Қалған жолдар еркін түрде толтырылады.