+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Облыстық «Сиқырлы би әлемі» байқауының қорытындысы
30 Сәу, 06:30

2013 жылдың 29 сәуірінде Шығыс Қазақстан білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған балет мектебімен бірге Өскемен қаласындағы Металлургтер мәдениет сарайында облыстық «Сиқырлы би әлемі» байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаттары:

-өнерлі де дарынды балаларды анықтап, қолдау көрсету;

-би өнерінің танымды болуын насихаттау;

-оқушылардың хореографиялық қабілеттерін дамыту.

Байқау келесі жас аралығында жүргізілді:

-5 - 7 жас – кіші топ;

-8 -11 жас – орташа топ;

-12 -15 жас – ересек топ.

Облыстық байқауға әр аудандық (қалалық) кезеңнің жеңімпаздары қатысты.

Байқауға қатысушыларды облыстағы хореография саласындағы жетекші мамандар сарапқа салды. Қазылар алқасына Қазақстанның көрнекті өнер қайраткері, балетмейстер, педагог, КСРО халық әртісі Рамазан Салихұлы Бапов төрағалық етті.

Би орындаушылық шеберлік деңгейі, композициялық құрылымы, хореографиялық материалды таңдап алуы, сахналық мәдениеті мен әртістілігі, көркемдік образды аша білу өлшемдері бойынша бағаланды.

Қазылар алқасы байқау қортындысы бойынша жас ерекшеліктеріне қарай Бас жүлде иегерін және І, ІІ, ІІІ дәрежелі лауреаттарды анықтады. Жеңімпаздар медальдармен және дипломдармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.