+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Оқушылардың ІТ жобаларының көрмесін өткізу қорытындысы туралы
26 Сәу, 13:39

2013 жылы 26 сәуірде Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының бастамасымен өткізілген информатика мұғалімдерінің І облыстық форумының аясында өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы білімдегі жаңа технологиялар өңірлік орталығымен бірлесе оқушылардың ІТ жобаларының көрмесін ұйымдастырды.

Көрмеге республикалық және халықаралық интеллектуалдық олимпиадалар мен жарыстардың жүлдегерлері қатысты.

1. Өскемен қаласының №3 МГ 10-сынып оқушысы Еркінова Мадина («Математическое моделирование транспортных потоков города с учётом экологических требований»);

2. Өскемен қаласының О. Бөкей атындағы №44 МЛ 11-сынып оқушысы Қасымханов Сұңқар («Исследование материалов деталей и конструкции промышленных насосов»);

3. Өскемен қаласының «Бриг» ЖМ 11- сынып оқушысы Ерқайратова Зарина («Разработка технологии получения наноструктурных материалов и их исследований»); 

4. Өскемен қаласының ОМФИДБАММ 9 - сынып оқушысы Атымханова Мадина («Создание динамической компьютерной модели по определению кратчайшего соединения точек на плоскости (задача Штейнера) в среде "Visual basic" 6.0 и графопостроителя "The Geometers Sketchpad"»);

5. Өскемен қаласының ОМФИДБММ 8-сынып оқушысы Ермолаев Вячеслав («Свойство окружности»);

6. Өскемен қаласының ОМФИДБАММ 1-сынып оқушысы Нуждин Виталий («Зоны Френеля в современной технике»); 

7. Өскемен қаласының ОМФИДБАММ 9-сынып оқушысы Қадырбеков Ақан («Метод выраженных многоугольников»);

8. Өскемен қаласының ОМФИДБАММ 11-сынып оқушылары Қадырбекова Ақбота, Сағадиева Сәуле («Теорема Сальмона. Новые свойства вписанного четырехугольника»);

9. Өскемен қаласының ОМФИДБАММ 5 - сынып оқушысы Данилов Глеб («Электронные деньги ребёнка»);

10. Семей қаласының Шәкәрім атындағы ОДБАҮТОММ 11 - сынып оқушылары Атанбаев Ернат, Қуанышева Айзада («Mathematica landcomputerized model offinancial pyramid»);

11. Семей қаласының Шәкәрім атындағы ОДБАҮТОММ 10-сынып оқушылары Ошан Мадина, Мұсақызы Элеонора («Химиялық элементтердің периодтық таблицасын оңтайлы жолмен игеру»);

12. Семей қаласының Шәкәрім атындағы ОДБАҮТОММ 9-сынып оқушылары Төлеубаев Аян, Медетов Ермухамет («География оқулығының альтернативті моделі»);

13. Семей қаласының Шәкәрім атындағы ОДБАҮТОММ 11-сынып оқушылары Елеусін Әділжан, Байғожина Аида («Экономикалық есептерді шешуде сызықтық программалау әдісін қолдану»);

14. Семей қаласының Шәкәрім атындағы ОДБАҮТОММ 11-сынып оқушысы Ордабаева Жанна («Қаржылық пирамиданың математикалық және компьютерлік моделі»);

15. Семей қаласының ҚТЛ 11-сынып оқушылары Түсіпов Алмас, Турсынов Жандос («Introduction to Neural Networks. An Application of Matrix Multiplication»);

16. Өскемен қаласының ҚТЛ 11-сынып оқушылары Сейткаримов Сейт, Ұлаков Ерік («Исследование влияния плазменной обработки на фазово-структурные состояния и микротвердость стали 12*18Н10Т»);

17. Өскемен қаласының ҚТЛ 11-сынып оқушысы Набиев Ерлан («Разработка и создание энергосберегающего осветительного устройства на основе светодиодов для промышленного использования»);

18. Семей қаласының №6 МГ 4-сынып оқушысы Кирибаев Тимур («Программируемые работы Lego»);

19. Өскемен қаласының ДБА «Восток» ҒЗДОАМК 11-сынып оқушылары Васильченко Владислава, Шакенов Дамир («Исследование и адаптация методов распознавания образов»); 

20. Тарбағатай ауданының Ақсуат №2 ОМ 9-сынып оқушысы Әсетов Нұржан («Coreldrow» программасы қолданыста»);

21. Жарма ауданының Бақыршық ОМ 11- сынып оқушысы Михайлушкин Иван («Mathcad - визуальное программирование»);

22. Риддер қаласының №14 ОМ 10-сынып оқушысы Яницкий Вадим («Авторская программа анализа результативности воспитательной работы в школе»);

23. Күршім ауданының Қ. Нұрғалиев атындағы МГ 10-сынып оқушысы Нұрғалиев Ақжол («Интегрированные телевизионные и компьютерные локальные сети»).

Оқушылардың жобалары көрмеге қатысушылардың асқан қызығушылықтарын туғызды. Қатысушылар мен қонақтар арасында ақпараттық технологияларды өнеркәсіпте, экономикада, білімде қолданудың өзекті мәселелері талқыланған ерекше диалог жүргізілді.

Көрменің құрметті қонағы – облыс әкімінің бірінші орынбасары Е.Б. Көшербаев болды. Ермек Беделбайұлы барлық оқушылардың зерттеулерінің жоғары ғылыми деңгейі мен өзектілігін атап өтті және оларды келешекте тәжірибе жүзінде іске асыру бойынша ұсыныстар берді.  Сондай-ақ дарынды оқушыларды ағымдағы жылдың маусым айында өткізілетін ІТ парктің ашылуына шақырды. Көрмеге сонымен бірге, облыстық білім басқармаларының басшылары, жоғарғы оқу орындарының ректорлары қатысты. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ректоры, ф. – м. ғ.д., профессор, ҚР ҰИА академигі  Н.М. Темірбеков оқушылардың ғылыми жобаларының деңгейі жыл сайын айтарлықтай артып келе жатқанын, жоғарғы оқу орындарымен ынтымақтастық және университеттің ғылыми лабораторияларындағы бірлескен жұмыс жақсы нәтижелер беріп жатқанын атап айтып өтті.    

Пленарлық отырыс кезінде ІТ жобалар көрмесіне қатысушы барлық балаларға алғыс хаттар табыс етілді.