+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Шығыс шамшырақтары» атты облыстық ақындар айтысының қорытындысы
26 Сәу, 13:33

13 жылдың 25 сәуірінде Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Семей қалалық мәдениет Сарайының «Халықтық» ақындар орталығымен бірлесіп XVII «Шығыс шамшырақтары атты облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында ақындар айтысын өткізді. 

Айтыстың мақсаты: жас таланттың бойындағы құдіретті өнердің көзін ашу, дарынды оқушыларды қолдау, олардың шығармашылықтарын дамыту, ауыз әдебиетінің ролін, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын түсіне білуге үйрету және оқушыларды ұлттық рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеу.

Сайысқа Өскемен, Семей қалаларымен бірге Бесқарағай, Аягөз, Абай аудандарынан барлығы 10 үміткер қатысты. Оқушылардың айтысын білікті қазылар алқасы: жоғары оқу орындарының ғалымдары, «Халықтық» ақындар орталығы мен ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының мамандары сарапқа салды.

Байқау қортындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, олар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

«Шығыс шамшырақтары» облыстық ақындар айтысының жеңімпаздар тізімі

Орны

Қатысушының аты-жөні

Қала/аудан

Мектебі, сыныбы

Бас жүлде

Қабаева Назерке

Семей

№47 ОМ, 11 сынып

 

1 орын

 

Бірлесбек Саягүл

 

Өскемен

 

№33 ОМ, 10 сынып

2 орын

Кенжебекұлы Қуандық

 

Семей

 

 

№47 ОМ, 11 сынып

2 орын

Ерболатова Гүлім

Абай

Қарауыл гимназиясы,     10 сынып

3 орын

 

Нұрабдоллаев Әлішер

 

Аягөз

С. Ғаббасов ат. ОМ,       11 сынып

3 орын

Шакенов Арна

Семей

№25 ОМ, 9 сынып