2013 жылы 8-12 сәуір аралығында ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы «Қазақстандық Интернет Олимпиадалар» порталының техникалық қолдауымен 5-8 сынып оқушылары арасында информатика, ағылшын тілі, биология пәндерінен қашықтықтан облыстық олимпиада өткізді.
Олимпиаданың негізгі мақсаты мен міндеттері: ғылыми білімді насихаттау, оқушылардың интеллектуалдық деңгейін арттыру, дарынды балаларды анықтап, дамытуға қажетті жағдайлар жасау, табысқа жетуге уәждерін қалыптастыру.
Олимпиадаға Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін мектептерінен 1081 оқушы қатысты. Бесқарағай, Үржар аудандары, сонымен бірге Өскемен, Семей қалаларындағы қазақ-түрік лицейі, Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты және дарынды балаларға арналған №34 мамандандырылған мектеп-лицейі олимпиадаға қатысқан жоқ.
Қатысушылардың барлығы сертификаттармен, жүлдегерлер – ШҚО білім басқармасының грамоталарымен марапатталады.
Оқушылардың облыстық қашықтықтан өткізілетін олимпиадасына қатысу нәтижесі қоса беріледі.