+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Д. Серікбаев атындағы аймақтық олимпиаданы өткізу қорытындысы туралы ақпарат
15 Сәу, 11:53

2013 жылы 13 сәуірде Өскемен қаласындағы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде Д. Серікбаев атындағы аймақтық олимпиада өтті.

Ынталы оқушылардың бұдан былай өз мамандықтарын анықтау және білікті маман болуына жәрдемдесу мақсатында өткізілген Д. Серікбаев атындағы аймақтық олимпиада Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы және Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің даярлық және қабылдау бөлімімен бірлесіп 11-сынып оқушылары арасында химия, математика, физика, география және сурет пәндері бойынша өткізілді.

Тапсырмалардың 70%-ын орындаған қатысушы таңдап алған пәніне сәйкес кез-келген мамандық бойынша Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде тегін оқуға ректордың грантына ие болды.

Олимпиаданың жабылу салтанатында Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Н.М. Темірбеков жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтап оларға грант иегерлерінің сертификаттарын, дипломдар және естелік сыйлықтар табыстады.

Олимпиаданың  қорытындысы бойынша Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ Ректорының грантының жеңімпаздары:

Қабжилмонатов Абзал -  Өскемен қаласындағы  дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттың 11-сынып оқушысы (физика);

Базикенова Айгерим - Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған № 34 облыстық мамандандырылған мектеп-лицейдің 11-сынып оқушысы (географиядан);

Куашев Алишер - Өскемен қаласының № 11 мектеп-гимназиясының  11-сынып оқушысы болды (сурет).

II дәрежелі дипломмен төмендегі оқушылар марапатталды:

Амангельдинов Еламан – Риддер қаласындағы «Шаңырақ» мектеп-гимназия оқушысы (география);

Томилов Антон – Зырянауданы, мектеп-лицей оқушысы (география);

Айтикешова Маржан – Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернат оқушысы (физика);

Талгатова Талшын – Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернат оқушысы (физика);

Кәкімов Ерболат – Өскемен қаласы ХББ НЗМ оқушысы (химия);

Даулетқали Ұлан – Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернат оқушысы (химия);

Хибатова Тогжан – Өскемен қаласындағы № 11 мектеп-гимназия оқушысы (сурет);

Зазовский Роман – Өскемен қаласындағы № 11 мектеп-гимназия оқушысы (суреттен).

III дәрежелі дипломмен төмендегі оқушылар марапатталды:

Окпебаев Ахмет – Өскемен қаласындағы ХББ НЗМ оқушысы (математика);

Ахатова Айгерим – Өскемен қаласындағы ХББ НЗМ оқушысы (математика);

Мальцев Никита – Өскемен қаласындағы № 29 ОМ оқушысы (математика);

Дуйсенбекова Айгерим – Өскемен қаласындағы № 29 ОМ оқушысы (география);

Ларионова Екатерина – Өскемен қаласындағы № 29 ОМ оқушысы (география);

Габббасов Айдос –  Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернат оқушысы (география);

Актаева Сания – Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернат оқушысы (физика);

Кенесхан Естай – Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернат оқушысы (физика);

Мелисова Жансая – Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернат оқушысы (физика);

Есимова Надира – Өскемен қаласындағы ХББ НЗМ оқушысы (химия);

Камбарханова Айша – Өскемен қаласындағы ХББ НЗМ оқушысы (химия);

Кәрібаев Мурат – Өскемен қаласындағы ХББ НЗМ оқушысы (химия);

Токенова Мадина – Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған № 34 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей қушысы (сурет);

Блинова Галина - Өскемен қаласындағы № 11 мектеп-гимназия оқушысы;

Файзрахманова Маржан – Зайсан ауданының Ю. Гагарин атындағы ОМ оқушысы (сурет).

Олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар таратылды.

Жеңімпаздарды, мұғалімдер мен ата-аналарды құттықтаймыз. Сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!