2013 жылдың 4 - 6 сәуір аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылар командасы «Ғылым әлемін ашамыз» атты IХ халықаралық ғылыми оқушылар конференциясына қатысты.
Конференция Байқоңыр қаласында академик В.Н. Челомей атындағы халықаралық ғарыштық мектеп кешенінде өтті.
Ғылыми сайыстың негізгі мақсаты мен міндеті: Дарынды оқушыларды анықтау, ғылыми-зерттеу ісіне ынталандыру және оларды қолдау, отандық және әлемдік космонавтиканың жетістіктерін насихаттау, ақпараттық және ғарыштық технологиялар саласындағы халықаралық серіктестікке ынталандыру.
Ғылыми сайысқа Қазақстан мен Ресей республикасының барлық аймақтарынан 530-ға жуық оқушы қатысты.
Ғылыми сайыс төмендегідей 9 секция бойынша өтті: «Ракеталық техника және инфраструктура», «Ғарыштық аппараттар», «Ғарыштық ақпараттық технологиялар және модельдеу», «Электроника, автоматика және телеметрия, аспап жасау», «Ғарыштық биология және медицина», «Экология және ғарыштық қызмет», «Астрофизика және әлемнің эволюциясі», «Күн жүйесі», «Отынның энергетикасы және химиясы» өтті.
Қазылар алқасының мүшелігіне Жер және Ғарыш туралы ғылымдар саласындағы алдыңғы қатардағы отандық және шетелдік ғалымдар шақырылды.
Шығыс-Қазақстан облысынан 18 оқушы қатысты. Сайыстың қорытындысы бойынша 11 адам жеңімпаз болды:
II дәрежелі дипломмен: Үржар ауданының Көлденең орта мектебінің 11-сынып оқушысы Жанатұлы Тимур марапатталды.
ІІІ дәрежелі дипломмен: Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған қазақ-түрік лицейдің 11-сынып оқушысы Досанов Берік;
- Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған қазақ-түрік лицейдің 11-сынып оқушысы Болатов Айдос;
- Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаттың 11-сынып оқушысы Слямбеков Санат;
- Семей қаласындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған Шәкәрім атындағы облыстық мамандандырылған мектептің 11-сынып оқушысы Рамазанов Бекжан;
- Семей қаласындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған Шәкәрім атындағы облыстық мамандандырылған мектептің 11-сынып оқушысы Исаханова Айгерим;
- Семей қаласындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған Шәкәрім атындағы облыстық мамандандырылған мектептің 11-сынып оқушысы Таурбеков Уатай;
- Семей қаласындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған Шәкәрім атындағы облыстық мамандандырылған мектептің 11-сынып оқушысы Ахметов Жалғас;
- Семей қаласындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған Шәкәрім атындағы облыстық мамандандырылған мектептің 11-сынып оқушысы Альханов Аділет;
- Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған қазақ-түрік лицейдің 10-сынып оқушысы Абылкайдаров Бахыт;
- Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған қазақ-түрік лицейдің 10-сынып оқушысы Акынов Данияр марапатталды.
Сайыстың барлық қатысушыларына сертификаттар берілді.
Жеңімпаздарды, мұғалімдер мен ата-аналарды құттықтаймыз.
Сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!