2010 жылы 19 қарашада білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы инновациялық-педагогикалық идеялардың облыстық кезеңін өткізді.
Мақсаты – талантты педагогтарды анықтау, оларды қолдау, марапаттау; педагогтардың кәсіби шеберліктерін арттыру, білім мазмұнын жаңарту, білім беру процесіндегі жаңа педагогикалық идеялар мен технологияларды енгізу, тарату.
Педагогикалық жобалар келесі бағыттар бойынша ұсынылды: білімдегі менеджмент жүйесі, тәрбие технологиясы, қоғамдық – гуманитарлық бағыт, өнертану бағыты, математикалық бағыт, жаратылыстану – ғылыми бағыт
Фестивальдің облыстық кезеңінің іріктеу айналымына Өскемен, Семей, Риддер қалаларынан, Глубокое, Ұлан, Жарма, Зырян, Күршім аудандарынан, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерден (Семей қ. Шәкәрім атындағы №5 МГ, Жамбыл ат. ДБА ОММГИ, «Восток» ҒЗДОО, ДБА №34 ОММЛ, ДБА ОАМЛИ, Ш.Уәлиханов ат. ДБА «Жас Ұлан» ОММЛИ) барлығы 157 қатысушы (132 жоба) өтінім берді. Оның 77-і (63 жоба) облыстық кезеңге қатысуға ұсынылды.
Конкурстың облыстық кезеңіне барлығы 68 педагог (62 жоба) қатысты.
Конкурсқа қатысушылардың жұмысын С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің, Шығыс Қазақстан аймақтық университетінің ғалымдары, өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының, Шығыс Қазақстан облыстық білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының мамандары, республикалық инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалінің жүлдегерлері бағалады.
Жүлделі орындарды иеленген мұғалімдер тізімі
|
№ |
АЖТ |
Қала/аудан |
Жұмыс орны |
Орны |
|
|||
|
1 |
Канапьянова Ж.З. |
Өскемен |
ДБА ШҚО АМЛИ |
1 |
||||
|
2 |
Служаева С.М. |
Семей |
№30 ОМ |
1 |
||||
|
3 |
Кайкенова И.В. |
Семей |
Ш.Уәлиханов ат. ДБА «Жас Ұлан» ОММЛИ |
1 |
||||
|
4 |
Шалтаева М.Н. |
Өскемен |
ДБА «Восток» ҒЗДОО |
1 |
||||
|
5 |
Баязитова Р.А., Сускина О.Н. |
Семей |
Экономикалық лицей, №1 ОМ |
2 |
||||
|
6 |
Кожушко И.Н. |
Өскемен |
ҚРГ |
2 |
||||
|
7 |
Журавлева О.А. |
Өскемен |
№4 ОМ |
2 |
||||
|
8 |
Исмагулова Н.Е. |
Өскемен |
№43 ОМ |
2 |
||||
|
9 |
Дмитриева Н.И. |
Өскемен |
ДБА №34 ОММЛ |
2 |
||||
|
10 |
Ахметова Ж.Қ. |
Өскемен |
Жамбыл ат. ДБА ОММГИ |
2 |
||||
|
11 |
Крыкбаева Б.М., Раисова Ә.Б. |
Өскемен |
Жамбыл ат. ДБА ОММГИ |
2 |
||||
|
12 |
Сыздыкбаева Д.М. |
Семей |
Ш.Уәлиханов ат. ДБА «Жас Ұлан» ОММЛИ |
2 |
||||
|
13 |
Максименко Н.А. |
Өскемен |
ДБА «Восток» ҒЗДОО |
2 |
|
|||
|
14 |
Куприянова И.В. |
Өскемен |
ДБА «Восток» ҒЗДОО |
2 |
|
|||
|
15 |
Исаханова Г.М. |
Өскемен |
Жамбыл ат. ДБА ОММГИ |
3 |
|
|||
|
16 |
Құрманбаева Ж.Қ., Каримова А.Ж. |
Семей |
№47 ОМ |
3 |
|
|||
|
17 |
Азаматова А.М., Датбаева Н.С., Калиева Л.С. |
Семей |
№37 МГ |
3 |
|
|||
|
18 |
Чингаева Ф.С., Кунафина Г.А. |
Семей |
№16 ОМ |
3 |
|
|||
|
19 |
Рахимжанова Ж.М., Рахимжанова Д.М. |
Семей |
№34 ОМ, Мустафина ат ОМ |
3 |
|
|||
|
20 |
Мужиченко Т.Г. |
Семей |
№27 ОМ |
3 |
|
|||
|
21 |
Комисарова Е.Ю., Бугрова Л.Н. |
Өскемен |
№2 МГББ |
3 |
|
|||
|
22 |
Муканова Г.К. |
Ұлан |
Ломоносов ат ОМ |
3 |
|
|||
|
23 |
Есжанова Б.Т. |
Семей |
Ш.Уәлиханов ат. ДБА «Жас Ұлан» ОММЛИ |
3 |
|
|||
|
24 |
Садыкова Н.М. |
Жарма |
Маяковский ОМ |
3 |
|
|||
|
25 |
Адельбаева Г.М. |
Өскемен |
ДБА «Восток» ҒЗДОО |
3 |
|
|||
|
26 |
Канина Л.Н. |
Өскемен |
ДБА «Восток» ҒЗДОО |
3 |
|
|||
Облыстық кезеңде жүлделі орындарды иеленген ұстаздар дипломдармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді. Қазылар алқасы ұсынған жұмыстар республикалық фестивальдің іріктеу кезеңіне қатысуға жіберіледі.