Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, дарынды балаларды анықтау және оларға қолдау көрсету, оқушылардың оқу-танымдық қызметін ынталандыру, халықтар достығын нығайтуға, мәдениаралық байланыс жасауға ықпал ету мақсатында Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми – практикалық «Дарын» орталығы 2013 жылдың 15 – 17 мамырында ЮНЕСКО-ның Қазақстандық Ұлттық клубтар Федерациясының мүшесі, Академик, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, «Құрмет» орденінің иегері Қ. Бітібаеваның атына ұстаздық еңбек жолына 45 жыл толуына орай қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Халықаралық олимпиаданы өткізетіндігін хабарлаймыз.
Халықаралық олимпиадаға квотаға сәйкес Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары - қазақ тілі мен әдебиетінен олимпиадалардың аудандық (қалалық), республикалық және халықаралық кезеңдерінің жеңімпаздары, сондай-ақ, әдебиет пен тілден әр түрлі олимпиадалар бойынша жетістіктері бар алыс және жақын шет елдер мектептерінің 9 - 11 сынып оқушылары қатыса алады. Олимпиадаға қатысу квотасы:
|
Оқушының мәртебесі |
9 сынып |
10 сынып |
11 сынып |
|||
|
қаз. |
орыс. |
қаз. |
орыс. |
қаз. |
орыс. |
|
|
ШҚО қалалары (аудандары) |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
|
ШҚО қазақ тілінде білім беретін мамандандырылған мектептер |
1 |
|
1 |
|
1 |
|
|
ШҚО орыс тілінде білім беретін мамандандырылған мектептер |
|
1 |
|
1 |
|
1 |
|
Қазақстан Республикасының басқа облыстары |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
|
Алыс және жақын шет ел мемлекеттері |
1 |
|
1 |
|
1 |
|
Олимпиаданың өткізілу ережесі http://www.shygysdaryny.kz. сайтында орналастырылған.
Өтінімдерді берілген форма бойынша 2013 жылдың 25 сәуіріне дейін ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына мына теле-факсқа 8 /7232/ 55-21-12 немесе VK_daryn@mail.ru эл. адресіне жіберіңіздер.
Өтінім формасы:
|
Оқушының аты, тегі (паспорт, жеке куәлік немесе туу туралы куәлік бойынша) |
Оқу орны (мемлекет, қала/аудан, мектеп) |
Сынып |
Оқу тілі |
Мұғалімінің тегі, аты, әкесінің аты (құжат бойынша), еңбек өтілі, санаты |
|
|
|
|
|
|