+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Экономикадан ШҚО оқушылар командасының VIII республикалық турнирға қатысу қорытындысы туралы ақпарат
04 Сәу, 05:03

Экономикадан оқушылардың VIII республикалық турнирі 24-27 наурызда Алматы қаласындағы Қазақстан-Британ техникалық университетінде өтті.

Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы мен «Джуниор Эчивмент Қазақстан» қоғамдық қорының біріккен бұл жобасы Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясынының қолдауымен өткізілді.

Турнирдің жабылу салтанатында «Жас Отан» Жастар қанатының Алматы қалалық филиалының атқарушы хатшысы А.Б.Халбеков жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтап оларға естелік сыйлықтар табыстады. Еліміздің экономикасының түрлі салаларына жоғары білікті мамандарды дайындайтын республиканың жетекші жоғарғы оқу орындары: Қазақстан-Британ техникалық университеті (ректоры И.К.Бисембетов), Қазақстан еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы (ректоры Б.М. Бесбаева), Халықаралық қаржы академиясы (ректоры Т.О.Балыкбаев), Халықаралық қаржы университеті (ректоры А.А.Абишев), Тұтыну қоғамдастығының Қарағанды экономикалық университеті (ректоры Е.Б.Аймагамбетов), Алматы экономика және статистика академиясы (ректоры В.А.Корвяков), Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университеті (ректоры С.А.Святов) 2006 жылдан бері турнирдің серіктестері болып келеді.

Қалыптасқан үрдіс бойынша ынталы оқушылардың бұдан былай өз мамандықтарын анықтау және білікті маман болуына жәрдемдесу мақсатында жыл сайын турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне түрлі жеңілдіктер мен гранттар бөлінеді. Команданың жетекшілері - «Джуниор Эчивмент Қазақстан» бағдарламасының үйлестірушілері және экономика оқытушылары үшін үйрету семинары және қорытынды шара ретінде «Оқушылардың экономикалық білімі: жағдайы, мәселелері, ойлары» атты дөңгелек үстел өтті, бұнда оқушылардың экономикалық білімдерін жетілдіру жолдарын шешу мәселелері талқыланды. Турнирдің қорытындысы бойынша: «Үздік эссе» номинациясы грамотасымен Өскемен қаласының №43 мектеп-гимназияның 11-сынып оқушысы Кагарман Азамат, Өскемен қаласының «Бриг» жеке меншік мектебінің 10-сынып оқушысы Ли Карина, «Үздік менеджер» номинациясы грамотасымен дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 11-сынып оқушысы Қасымова Назерке марапатталды. Жеңімпаздарды, мұғалімдер мен ата-аналарды құттықтаймыз.

Сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!