2026 жылғы 23-26 қараша күндері Өскемен қаласында 9-11 сынып оқушылары (қыздар, ұлдар) арасында баскетболдан «Алтын доп» Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.
Мақсаты – білім алушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу, дарынды балаларды анықтау.
Жарысқа қалалық және аудандық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары атанған 16 команда қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
Қыздар арасында:
1 орын – Өскемен қаласы, «М. Шаяхметов атындағы №23 орта мектебі» КММ-нің командасы;
2 орын – Зайсан ауданы, «Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицейі» КММ-нің командасы;
3 орын –Глубокое ауданы, «Быструха орта мектеп-балабақша кешені» КММ-нің командасы;.
Ұлдар арасында:
1 орын – Өскемен қаласы, «№ 37 көпбейінді орта мектебі» КММ-нің командасы;
2 орын – Шемонаиха ауданы, «Д.М. Карбышев атындағы Первомай жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы» кешені» КММ-нің командасы;
3 орын – Алтай ауданы, «Алтай қаласының № 6 орта мектебі» КММ-нің командасы.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары нәтижелерімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға толағай табыстар, спорттық жетістіктер мен жаңа жеңістер тілейміз!