2026 жылғы 22-26 қараша аралығында Өскемен қаласында спорттың қысқы түрлері бойынша Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінің мұз айдыны базасында шайбалы хоккейден 2015-2016 жылы туылған мектеп оқушылары арасында «Жұлдызша» Республикалық турниріөтті.
Жарыс қорытындысы бойынша адал және ымырасыз күресте Республиканың ең мықты балалар мен жасөспірімдер командалары анықталды:
1 – шағын топ:
І орын - «Торпедо 2015-1», Шығыс Қазақстан облысы;
ІІ орын - «Торпедо – 2016-3», Шығыс Қазақстан облысы;
ІІІ орын - «Торпедо 2015-2», Шығыс Қазақстан облысы;
2 – шағын топ:
І место - «Торпедо 2015-3», Шығыс Қазақстан облысы;
ІІ место - «Риддер қаласы», Шығыс Қазақстан облысы;
ІІІ место - «Жарма», Абай облысы.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Жас спортшыларға алдағы уақытта толағай табыстар, жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!