+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Үркер» конкурсы
FIRST® CANOPY™ 2026–2027 халықаралық робототехника маусымының «Oskemen FIRST Regional 2026» өңірлік кезеңінің қорытындысы
21 Қар, 19:34

2026 жылғы 21 қарашада Өскемен қаласындағы «Нұрорда» мектеп-лицейінің базасында FIRST® CANOPY™ 2026–2027 халықаралық робототехника маусымы аясында «Oskemen FIRST Regional 2026» өңірлік кезеңі өтті.

Чемпионаттың негізгі мақсаты - STEM дағдылар мен цифрлық технологияларды дәріптеу, оқушылардың ғылыми-техникалық қызметке деген қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Өңірлік кезеңге облыстың жалпы орта және облыстық білім беру мекемелерінен 17 команда, жалпы саны 103 оқушы қатысты.

Байқауды бақылау мен қорытындылауды бекітілген Регламентке сәйкес төрешілер алқасы жүзеге асырды.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар анықталды: FIRSTLEGO League Discover санатында– Robostars командасы; FIRST LEGO League Explore санатында- BuzzTeam және Qadam командалары; FIRST LEGO League Challenge санатында- Violet Sparks және EASTNEXUS командалары ұтысқа ие болды.

Марапатқа ие болған жеңімпаздарды, мұғалімдерді және ата-аналарды жеңістерімен құттықтаймыз!