+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Үркер» конкурсы
IV Ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы
20 Қар, 15:57

2026 жылдың 17-20 қараша күндері Шығыс Қазақстан облысының оқушылары Астана қаласында өткен IV Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша республикалық олимпиадаға қатысты.

Олимпиаданың мақсаты - ауыл мектептеріндегі оқушылардың дарындылығы мен қабілеттерін анықтау, дамыту және қолдау, академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу, оларға одан әрі зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдар беру үшін оңтайлы жағдай жасау.

Олимпиада қорытындысы бойынша облысымыздың жетістіктер қоржыны 6 медальмен: 1 күміс, 5 қоламен толықты.

ІІ дәрежелі дипломдар мен және күміс медальмен Глубокое ауданы, №2  Белоусовка жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Хан Кристина  (ағылшын тілі) марапатталды.

ІІІ дәрежелі дипломмен және қола медальдармен:

Бақытжан Арнұр - Күршім ауданы, №3 Күршім гимназиясының 11 сынып оқушысы (ағылшын тілі);

Жалел Жанерке - Зайсан ауданы, Шілікті орта мектебінің 10 сынып оқушысы (Қазақстан тарихы);

Жанашова Айтолқын - Тарбағатай ауданы, К.Төгісов атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы (Қазақстан тарихы);

Алимгазыева Дильназ - Ұлан ауданы, Қ. Қайсенов кентінің орта мектебінің 11 сынып оқушысы (Қазақстан тарихы);

Жданов Семён - Глубокое ауданы, №2 Белоусовка жалпы білім беретін мектебінің 10  сынып оқушысы (орыс тілі мен әдебиеті) марапатталды.

Ерекше жетістігі үшін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасымен:

Мәдениетова Перизат - Ұлан ауданы, Бозанбай орта мектебінің 10 сынып оқушысы (қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі);

Берікжан Алдияр - Алтай ауданы, №1 Жаңа Бұқтырма орта мектебінің 10 сынып оқушысы (ағылшын тілі) марапатталды.

Олимпиада жүлдегерлерін, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз! Жоғары жетістіктер мен табыстар тілейміз!