2026 жылғы 16-19 қараша күндері Өскемен қаласында 9-11 сынып оқушылары (қыздар, ұлдар) арасында волейболдан «Шұбар доп» Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.
Мақсаты – білім алушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу, дарынды балаларды анықтау.
Іс-шараға қалалық/аудандық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары, облыстық мектептерден, 27 команда қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған командалар төмендегідей:
Қыздар арасында:
1 орын Алтай ауданы, «№ 2 Жаңа Бұқтырма орта мектебі» КММ-нің командасы;
2 орын – Катонқарағай ауданы, «С. Ластаев атындағы орта мектебі» КММ-нің командасы;
3 орын – Зайсан ауданы, «Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицейі» КММ-нің командасы.
Номинациялар бойынша:
«Үздік ойыншы» - Алтай ауданы, «№ 2 Жаңа Бұқтырма орта мектебі» КММ-нің 11 сынып оқушысы Зиновьева Полина;
«Үздік шабуылшы» - Алтай ауданы, «№ 2 Жаңа Бұқтырма орта мектебі» КММ-нің 11 сынып оқушысы Соколова Вероника;
«Үздік қорғаушы» - Катонқарағай ауданы, «С. Ластаев атындағы орта мектебі» КММ-нің 10 сынып оқушысы Қуатқызы Мақпал;
«Үздік тосқауылшы» - Зайсан ауданы, «Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицейі» КММ-нің 11 сынып оқушысы Айдынқызы Айсана марапатталды.
Ұлдар арасында:
1 орын – Тарбағатай ауданы, «Жетіарал мектеп-балабақшасы» кешені» КММ-нің командасы;
2 орын – Марқакөл ауданы, «Қалжыр орта мектебі» КММ-нің командасы;
3 орын – Зайсан ауданы, «Шілікты орта мектебі» КММ-нің командасы.
Номинациялар бойынша:
«Үздік ойыншы» - Тарбағатай ауданы, «Жетіарал мектеп-балабақшасы» кешені» КММ-нің 10 сынып оқушысы Сәкенов Айбар;
«Үздік шабуылшы» - Марқакөл ауданы, «Қалжыр орта мектебі» КММ-нің 10 сынып оқушысы Есимжанов Ерназ;
«Үздік қорғаушы» - Тарбағатай ауданы, «Жетіарал мектеп-балабақшасы» кешені» КММ-нің 10 сынып оқушысы Төлеуғазиев Ерасыл;
«Үздік тосқауылшы» - Зайсан ауданы, «Шілікты орта мектебі» КММ-нің 11 сынып оқушысы Бейсен Ерасыл марапатталды.
Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!