+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
пошта
Шығыс Қазақстан облысының 9-11 сынып оқушылары арасындағы үстел теннисінен Ұлттық Мектеп лигасының қорытындысы
17 Қар, 17:49

2026 жылғы 17 қарашада Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облыстық үстел теннисінен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебінің (МБЖОРСМ) базасында 9-11 сынып оқушылары арасында үстел теннисінен Ұлттық Мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.

Мақсаты - оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.

Жарыс Қазақстан Республикасы Үстел теннисі федерациясы бекіткен ережелерге сәйкес өткізілді.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

І орын – «О. Бөкей атындағы № 44 лицей» КММ, Өскемен қаласы;

ІІ орын – «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ;

ІІІ орын – «Тұрғысын орта мектебі» КММ, Алтай ауданы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары нәтижелерімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!