+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Гуманитар бағытындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға ШҚО оқушылар командасының қатысу қорытындысы
02 Сәу, 08:07

2013 жылғы наурыздың 26 мен 30 аралығында Шығыс Қазақстан облысының командасы Тараз қаласында өткен гуманитар бағытындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға қатысты.

Шараны өткізудің мақсаты – ғылыми білімді насихаттау және оқушылардың ғылыми жұмысқа қызығушылығын арттыру, дарынды балаларды дамытуға қажетті жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға оқушыларды іріктеу және дайындау.

Гуманитар бағытындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада  қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының  командасы II орынға және «2013 жылдың үздік олимпадалық командасы» атағына ие болды. Олимпиада жеңімпаздары болып келесі оқушылар атанды:

I  орын:

1. Азамбаев Рустем - Өскемен қаласы, № 12 мектеп-гимназияның 11-сынып оқушысы неміс тілінен;

2. Купреев Дмитрий – Семей қаласы, Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің 10-сынып оқушысы - қазақ тілі және әдебиеті орыс сыныбында;

II орын:

1. Ертарғынова Арай - Өскемен қаласы, № 43 гимназияның 11-сынып оқушысы - қазақ тілі және әдебиеті;

III орын:

1. Маратова Жамал – Семей қаласы,  № 6 гимназияның 11-сынып оқушысы - орыс тілі және әдебиеті;

2. Просоленко Кирилл - Семей қаласы,  № 6 гимназияның 10-сынып оқушысы - орыс тілі және әдебиеті;

3.  Айдынов Шынгыс -  Семей қаласы,  № 32 гимназияның 10-сынып оқушысы - орыс тілі және әдебиеті қазақ тілінде оқитын мектептерде;

4. Исполов Жасұлан – Өскемен қаласы, Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейдің 10-сынып оқушысы - орыс тілі қазақ тілінде оқитын мектептерде;

5. Гончарова Анастасия – Зайсан ауданы, М. Әуезов атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы - қазақ тілі және әдебиеті орыс тілінде оқитын мектептерде;

6. Дәуренқызы Айдана -  Абай ауданы, Қарауыл гиназиясының 10-сынып оқушысы - қазақ тілі және әдебиеті;

7. Қамбарова Жансая – Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық арнайы мектеп-гимназия-интернатының 10-сынып оқушысы - қазақ тілі және әдебиеті;

8. Алтаева Ақмарал – Күршім ауданы, № 3 гимназияның 10-сынып оқушысы - қазақ тілі және әдебиеті;

9.  Браунбек Максим – Өскемен қаласы, № 12 мектеп-гимназияның 11-сынып оқушысы - неміс тілі;

10. Адылханова Нұрдана – Шәкәрім атындағы облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептің 11-сынып оқушысы - ағылшын тілі;

11. Ахмеджанов Расул – Семей қаласы, Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейдің 11-сынып оқушысы - ағылшын тілі;

12. Садриттен Шынар – Семей қаласы, № 37 гимназияның 11-сынып оқушысы - құқық тану негіздері;

13. Абдрахманова Айнур – Семей қаласы, экономикалық лицейдің 10-сынып оқушысы - құқық тану негіздері.

Зайсан ауданы, М.Ломоносов атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Блохина Кристина «Ауылдың үздік оқушысы» атағымен марапатталды.

Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған №34 мамандандырылған мектеп-лицейдің 10-сынып оқушысы Мусинов Аслан «орын тілі пәні бойынша үздік білімі үшін» грамотасымен марапатталды.

Дарынды балаларға арналған Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы облыстық арнайы мектеп-гимназия-интернатының 11-сынып оқушысы Айтмуханова Акмарал «Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазу шеберлігі мен ұшқырлығы» грамотасымен марапатталды. 

Жеңімпаздарды, мұғалімдер мен ата-аналарды құттықтаймыз. Сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!