2026 жылдың 9-13 қараша аралығында Астана қаласында жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша ХІХ Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңі өткізілді.
Олимпиада 11 сынып оқушылары арасында математика, физика, химия, биология пәндерінен өтті.
Олимпиада қорытындысы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен және қола медальмен:
- Эрбес Алина – Өскемен қаласы №34 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы;
- Владимирский Никита – Риддер қаласы №1 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы марапатталды.
Барлық қатысушыларға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының сертификаттары табысталды.
Жүлдегерлерді құттықтаймыз, жоғары жетістіктер мен табыстар тілейміз!