+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
пошта
Шығыс Қазақстан облысының 9-11 сынып оқушылары арасындағы футзалдан «Теңбіл доп» Ұлттық Мектеп лигасының қорытындысы
16 Қар, 16:22

2026 жылғы 9-12 қараша күндері Өскемен қаласындағы №48 мектеп-қосымша білім беру орталығы базасында 9-11 сынып оқушылары арасында футзалдан «Теңбіл доп» Ұлттық Мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.

Мақсат – оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.

Ойындар FIFA бекіткен футзалдың халықаралық ережелеріне сәйкес өткізілді.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған командалар:

Ұлдар арасында:

І орын – «№48 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ, Өскемен қаласы;

ІІ орын – «Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейі» КММ;

ІІІ орын – Шәкәрім атындағы №4 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, Шемонаиха ауданы.

Қыздар арасында:

І орын – «Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі» КММ;

ІІ орын – «№27 орта мектебі» КММ, Өскемен қаласы;

ІІІ орын – «Таврия орта мектебі» КММ, Ұлан ауданы.

 

Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!