2026 жылғы 11 қараша күні Өскемен қаласындағы Оқушылар шығармашылығы сарайының базасында 9-11 сынып оқушылары арасында тоғызқұмалақтан Ұлттық Мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті. Жарысқа өңірдің қалалары мен аудандарының мектептерінен 9 команда қатысты.
Мақсаты – оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.
Толғызқұмалақ бойынша жарыс Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дене шынықтыру және спорт істері комитеті бекіткен «Тоғызқұмалақ қағидасы мен ережесіне» сәйкес өткізілді.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға келесі командалар ие болды:
І орын – «Жамбыл атындағы орта мектебі» КММ, Самар ауданы;
ІІ орын – «Абай атындағы орта мектебі» КММ, Тарбағатай ауданы;
ІІІ орын – «№15 орта мектебі» КММ, Өскемен қаласы.
Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!