+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
пошта
Шығыс Қазақстан облысының шахмат «Ақбозат» бойынша 9-11 сынып оқушылары арасындағы Ұлттық Мектеп лигасының қорытындысы
10 Қар, 17:09

2026 жылғы 10 қараша күні Өскемен қаласындағы Оқушылар шығармашылығы сарайының базасында 9-11 сынып оқушылары арасында шахматтан «Ақбозат» Ұлттық Мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті. Жарысқа өңірдің қалалары мен аудандарының мектептерінен 8 команда қатысты.

Мақсаты – оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.

Шахмат бойынша жарыс халықаралық ойын ережелеріне сәйкес өткізілді.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға келесі командалар ие болды:

І орын – «Н.А.Островский атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы» КММ, Шемонаиха ауданы;

ІІ орын – ШҚО ББ «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ;

ІІІ орын – ШҚО ББ «Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі» КММ.
 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары нәтижелерімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер мен толағай табыстар тілейміз!