+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
пошта
Шығыс Қазақстан облысының асық ату және бес асық бойынша 9-11 сынып оқушылары арасындағы Ұлттық Мектеп лигасының қорытындысы
10 Қар, 13:46

2026 жылғы 06 қараша күні Өскемен қаласында Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі базасында 9-11 сынып оқушылары арасында асық ату және бес асықтан Ұлттық Мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті. Жарысқа өңірдің қалалары мен аудандарының мектептерінен 15 команда қатысты.

Мақсаты – оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.

Асық ату және бес асық бойынша жарыстар «Асық ату федерациясы» РҚБ ережелеріне сәйкес өткізілді.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға келесі командалар ие болды:

Асық ату ұлдар арасында:

І орын – «Т. Рысқұлов атындағы орта мектеп» КММ, Тарбағатай ауданы;

ІІ орын – «Алтай қаласының №9 орта мектебі» КММ, Алтай ауданы

ІІІ орын – «Заки Ахметов атындағы №16 орта мектебі» КММ, Өскемен қаласы.

Бес асық қыздар арасында:

І орын – «Т. Рысқұлов атындағы орта мектеп» КММ, Тарбағатай ауданы

ІІ орын – «Амангелді атындағы орта мектебі» КММ, Зайсан ауданы;

ІІІ орын – «Жамбыл атындағы орта мектебі» КММ, Самар ауданы;

Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!