+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
пошта
8-11 сынып оқушыларына арналған лингвистика бойынша республикалық іріктеу олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы
06 Қар, 18:36

2026 жылдың 05 қарашасында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетініңбазасында 8-11 сынып оқушыларына арналған лингвистикадан республикалық іріктеу олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты - дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау, қолданбалы лингвистика пәні бойынша оқушылардың білімін жетілдіру және тереңдету.

Олимпиадаға аудандық (қалалық) кезеңнің жүлдегерлері қатысты.

Оқушылар белгіленген уақыт ішінде, оларға таныс емес тілде деректерді қамтитын бірнеше тапсырмаларды талдап, шешті.

Олимпиада қорытындысы бойынша 28 қатысушы жүлделі орындарға ие болды (I орын - 3 оқушы, II орын - 11 оқушы, III орын - 14 оқушы).

Жеңімпаздар тізімі  https://shygysdaryn.kz.  сайтында орналасқан.

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!

Табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!