+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
пошта
7-11 сынып оқушылары арасында дене шынықтыру жане спорт бойынша балалардың зерттеу жұмыстары байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы
03 Қар, 16:52

2026 жылғы 3 қарашада Өскемен қаласында 7-11 сынып оқушылары арасында дене шынықтыру жане спорт бойынша балалардың зерттеу жұмыстары байқауының облыстық кезеңі өткізілді.

Байқаудың мақсаты - білім алушылардың дене шынықтыру саласындағы ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру, салауатты өмір салтын насихаттау, дене тәрбиесі әдістемесін жетілдіру және дарынды білім алушыларды анықтау.

Байқау жұмыстарын бағалау кезінде төмендегі критерийлер ескерілді: шығармашылық қабілет; ғылыми ойлау; зерттеудің қолданылған әдістерінің тиімділігі; тақырыпты ашу дәрежесі (мұқияттылық); шешендік, демонстрациялық материалдың сапасы, айқындығы.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

І орын – Ұлан ауданы, «Б. Ахметов атындағы орта мектебі» КММ-нің оқушысы Русланқызы Балнұр;

ІІ орын – Тарбағатай ауданы, «Абай атындағы орта мектебі» КММ-нің оқушысы Сейілхан Дидар;

ІІІ орын – «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ-нің оқшысы Кәрімова Әделия;

ІІІ орын – Катонқарағай ауданы, «С. Түкібаев атындағы Еңбек орта мектебі» КММ-нің оқушысы Ғабит Шерхан.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Алдағы уақытта толағай табыстар, жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!