Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2026 жылға арналған «Заң және Тәртіп» идеологемасын ілгерілету жөніндегі бекітілген Медиа-жоспарын іске асыру мақсатында «Менің қауіпсіз өңірім» облыстық қашықтық конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізетінін хабарлайды.
Конкурстың негізгі мақсаты – білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға бағынушылық мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті дамыту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және білім беру ортасында, қоғамдық орындарда және цифрлық кеңістікте қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Конкурсқа Шығыс Қазақстан облысының барлық жалпы білім беретін ұйымдарының 5–11 сынып оқушылары жекелей немесе топ құрамында қатыса алады, олар екі жас ерекшелігі тобына бөлінеді:
Бірінші жас ерекшелігі тобы – 5–7 сыныптар; Екінші жас ерекшелігі тобы – 8–11 сыныптар.
Конкурстың номинациялары:
«Заң және тәртіп – біздің таңдауымыз»;
«Қауіпсіз интернет»;
«Қауіпсіздік жолы»;
«Буллингке тоқтау!»;
«Бір әрекет өмірді сақтап қала алады».
Конкурс қашықтық форматында өткізіледі. Негізгі конкурстық материал – мектептегі немесе өңірдегі анықталған қауіпсіздік мәселесін, қабылданған іс-әрекеттерді және қол жеткізілген нәтижелерді көрсететін бейнеролик (1,5 мин. дейін) болып табылады.
І кезең – мектепшілік: 2026 жылғы 9 қарашаға дейін. Әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды ұйымдастыру, үздік бейнероликтерді іріктеу және оларды мектептердің сайттарында/әлеуметтік желілерінде жариялау. Әр мектептен келесі кезеңге қатаң түрде 10 бейнеролик (әр жас ерекшелігі тобы үшін әр номинация бойынша 1 ролик) жолданады. Тізімдер мен сілтемелер білім бөлімдеріне беріледі.
ІІ кезең – аудандық/қалалық: 2026 жылғы 13 қарашаға дейін. Аудан немесе қала деңгейіндегі үздік бастамаларды іріктеу. Әр ауданнан/қаладан облыстық кезеңге қатаң түрде 10 бейнеролик жолданады. Жеңімпаздардың тізімдері мен бейнероликтерге сілтемелер 2026 жылғы 16 қарашаға дейін vk_daryn@mail.ru электрондық поштасына жолданады (№ 1 қосымшаға сәйкес).