+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
пошта
«Менің қауіпсіз өңірім» облыстық конкурсын өткізу туралы ЕРЕЖЕ
03 Қар, 13:26

І. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже облыстық «Менің қауіпсіз өңірім» конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастыруды қамтамасыз етуді, қатысу, өткізу және қаржыландыру тәртібін айқындайды.

2. Конкурс білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңға бағыну мәдениетін қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілігін дамытуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, білім беру ортасында, қоғамдық орындарда және цифрлық кеңістікте қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Конкурстың негізгі мақсаты мен міндеттері:

  • оқушылардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру және құқықтық санасын арттыру;
  • Қазақстан Республикасының заңдарына, адамның құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарауға тәрбиелеу;
  • қоғамдық орындарда, білім беру ұйымдарында және цифрлық ортада жауапты мінез-құлық қалыптастыру;
  • кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың, буллингтің, кибербуллингтің және өзге де құқыққа қайшы мінез-құлық түрлерінің алдын алу;
  • күнделікті өмірде және интернет желісінде қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту;
  • азаматтық белсенділікті арттыру және оқушыларды өз өңірінің қауіпсіздігі мәселелерін шешуге тарту;
  • қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша өз идеяларын ұсыну дағдыларын жетілдіру, шығармашылық ойлау мен бастамашылдықты дамыту.

3. Конкурстың жұмыс тілі: қазақ және орыс тілдері.

4. Конкурс қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі № 200 қаулысын іске асыру шеңберінде өткізіледі.

5. Конкурсты ұйымдастырушылар: Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, дарындылықты пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – ДпҚББД ШҚҒӘО «Дарын»), Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы.

ІІ. Конкурстың жұмыс органдары

6. Конкурсты дайындау және өткізу жөніндегі қызметті үйлестіру мақсатында ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрылады.

Ұйымдастыру комитеті:

  • Конкурсты ұйымдастыру мен өткізудің жалпы тәртібін айқындау;
  • Конкурсқа қатысу үшін қажетті материалдарды қабылдау;
  • Конкурс тапсырмаларын әзірлейді және нәтижелерді бағалау критерийлерін айқындау;
  • Конкурс қазылар алқасының құрамын жасақтау және бекіту;
  • іс-шаралар түрлерін, оларды өткізу формасын айқындау;
  • Конкурстың қорытындысын шығару, нәтижелерін талдау және жинақтау;
  • Конкурсқа дайындық барысын, оның өткізілуі мен нәтижелерін БАҚ-та жариялануын қамтамасыз ету.

7. Конкурстың қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын бағалайды, қорытынды шығарады, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.

 8. Қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын осы Ережеде белгіленген бағалау критерийлеріне сәйкес бағалайды.

9. Конкурстың бірінші және екінші кезеңдеріне басшылық жасау үшін тиісінше мектеп және аудандық (қалалық) ұйымдастыру комитеттері құрылады. Олардың құрамы білім бөлімдерінің тиісті органдарымен бекітіледі.

Мектеп және аудандық (қалалық) ұйымдастыру комитеттері міндетті:

  • қатысушыларды Конкурсты өткізу шарттары мен тәртібі туралы уақтылы хабардар ету;
  •  Конкурстың өткізілуін осы ережеге және Ұйымдастыру комитетінің нұсқаулықтарына сәйкес ұйымдастыру.

ІІІ. Конкурсқа қатысушылар

10. Конкурсқа Шығыс Қазақстан облысындағы барлық жалпы білім беретін ұйымдардың 5–11-сынып оқушылары қатысады.

11. Конкурс екі жас тобы бойынша өткізіледі:

Бірінші жас тобы – 5-7 сыныптар;

Екінші жас тобы – 8-11 сыныптар.

12. Конкурсқа қатысу жекелей немесе командалық болып табылады.

IV. Конкурсты өткізу тәртібі мен шарттары

13. Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1. «Заң және тәртіп – біздің таңдауымыз» номинациясы – Құқықтық мәдениет, құқық бұзушылықтың алдын алу, заңды құрметтеу, іс-әрекеттер үшін жауапкершілік;

2.  «Қауіпсіз интернет» номинациясы – Кибербуллинг, интернет-алаяқтық, дербес деректерді қорғау, цифрлық сауаттылық;

3. «Қауіпсіз жол» номинациясы – Жол жүру ережелерін сақтау, жаяу жүргіншілердің, велосипедшілердің және электрлі самокат пайдаланушылардың қауіпсіздігі;

4.«Буллингке тоқтау сал!» номинациясы – Қорқыту мен зорлық-зомбылықтың алдын алу, қатарластарды қолдау, мектепте достық орта қалыптастыру;

5. «Бір әрекет өмірді құтқара алады» номинациясы – Төтенше жағдайлардағы іс-қимылдар, өрт қауіпсіздігі, шұғыл қызметтерді шақыру, алғашқы көмек негіздері.

14. Конкурс үш кезеңде өткізіледі:

І кезең – мектепшілік (бастамашылық) – «Менің қауіпсіз өңірім» бастамасын іске асыру.

Өткізу мерзімі: 2026 жылғы 9 қарашаға дейін.

Кезеңнің негізгі міндеті – білім алушыларды қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін шешуге тарту және қауіпсіз орта қалыптастыру.

Іске асыру форматы: мектептегі, шағын аудандағы немесе өңірдегі қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін шешуге, қауіпсіздікке төнетін қатерлердің алдын алуға және қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды өткізу.

Қатысуды растау: анықталған мәселені, қабылданған іс-әрекеттерді және қол жеткізілген нәтижелерді көрсететін ұзақтығы (1,5 минутқа дейін) бейнеролик.

Мектепшілік кезеңнің қорытындысы бойынша білім беру ұйымдары әрбір жас тобындағы әр номинация бойынша ең үздік бастамаларды анықтайды және бейнероликтерді мектептердің ресми сайттарына және/немесе әлеуметтік желілеріне орналастырады.

Белгіленген бағалау критерийлеріне сәйкес ең жоғары балл жинаған бірінші (мектепшілік) кезеңнің жеңімпаздары екінші (аудандық/қалалық) кезеңге қатысу үшін жіберіледі.

Әр мектептен Конкурстың екінші (аудандық/қалалық) кезеңіне қатаң түрде 10 бейнеролик жіберіледі:

  • 5-7 сынып оқушыларының 5 бейнеролигі – номинациялардың әрқайсысы бойынша бір бейнероликтен («Заң және тәртіп – біздің таңдауымыз», «Қауіпсіз интернет», «Қауіпсіз жол», «Буллингке тоқтау сал!», «Бір әрекет өмірді құтқара алады»);
  • 8-11 сынып оқушыларының 5 бейнеролигі – аталған номинациялардың әрқайсысы бойынша бір бейнероликтен.

Бір мектептің қатысушыларында/командаларында бір номинация және бір жас тобы бойынша балдар тең болған жағдайда, қатысушыны/команданы келесі кезеңге жіберу туралы шешімді мектептің ұйымдастыру комитеті қабылдайды.

Конкурстың бірінші (мектепшілік) кезеңі жеңімпаздарының тізімдері мен бейнероликтерге сілтемелер білім бөлімдеріне жіберіледі.

ІІ кезең – аудандық/қалалық (іріктеу) – облыстық кезеңге қатысу үшін қатысушыларды/командаларды анықтау.

Кезеңнің негізгі міндеті – белгіленген бағалау критерийлеріне сәйкес ұсынылған бейнероликтер мен іске асырылған бастамаларды іріктеу.

Өткізу мерзімі: 2026 жылғы 13 қарашаға дейін.

Аудандық/қалалық кезеңнің қорытындысы бойынша ең үздік бастамалар анықталады.

Белгіленген бағалау критерийлеріне сәйкес ең жоғары балл жинаған екінші (аудандық/қалалық) кезеңнің жеңімпаздары үшінші (облыстық) кезеңге қатысу үшін жіберіледі.

Әр ауданнан/қаладан Конкурстың үшінші (облыстық) кезеңіне қатаң түрде 10 бейнеролик жіберіледі:

  • 5-7 сынып оқушыларының 5 бейнеролигі – аталған номинациялардың әрқайсысы бойынша бір бейнероликтен;
  •  8-11 сынып оқушыларының 5 бейнеролигі – аталған номинациялардың әрқайсысы бойынша бір бейнероликтен.

Бір ауданның/қаланың атынан қатысатын қатысушыларда/командаларда бір номинация және бір жас тобы бойынша балдар тең болған жағдайда, қатысушыны/команданы келесі кезеңге жіберу туралы шешімді тиісті аудандық/қалалық ұйымдастыру комитеті қабылдайды.

Конкурстың екінші (аудандық/қалалық) кезеңі жеңімпаздарының тізімдері мен бейнероликтерге сілтемелер ағымдағы жылдың 16 қарашасына дейін vk_daryn@mail.ru электрондық поштасына жіберіледі. (№ 1 қосымша).

ІІІ кезең – облыстық (қорытынды) – конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау.

Кезеңнің негізгі міндеті – таңдалған мәселенің өзектілігін, әлеуметтік маңызын, қабылданған іс-әрекеттердің дербестігі мен практикалық нәтижелілігін, сондай-ақ ұсынылған бейнероликтердің сапасын ескере отырып, облыстық кезең қатысушылары ұсынған бастамаларды бағалау.

13. «Менің қауіпсіз өңірім» конкурсының бағалау критерийлері.

Конкурс материалдарын бағалау келесі критерийлер бойынша жүзеге асырылады:

  1. Видеоролик ұзақтығынының сақталуы 1,5 минутқа дейін – 20 балл;
  2. Таңдалған қауіпсіздік мәселесінің өзектілігі мен әлеуметтік маңызы (Қауіпсіздік мәселесінің мектеп, шағын аудан немесе өңір үшін қаншалықты маңызды екендігі; мәселені таңдаудың негізділігі) – 20 балл;
  3.  Бастаманың практикалық жүзеге асырылуы (Қатысушылардың дербестігі, белсенділігі мен тартылу деңгейі, қабылданған іс-әрекеттердің нақтылығы) – 20 балл;
  4. Бастаманың нәтижелілігі және оның қауіпсіз орта қалыптастыруға қосқан үлесі (Бастаманың практикалық пайдасы, оның қауіпсіздікке төнетін қатерлердің алдын алуға және қауіпсіз орта қалыптастыруға қосқан үлесі) – 20 балл;
  5. Ұсынылған шешімнің шығармашылық тәсілі, бірегейлігі мен дербестігі (Ұсынылған шешімнің стандартты еместігі, қатысушылардың бастамашылдығы, жұмыстың қызықты формалары мен әдістерін қолдану) – 20 балл;
  6. Бейнероликтің сапасы, іске асырылған бастаманың толық әрі көрнекі түрде ұсынылуы (Мазмұндаудың қисындылығы мен жүйелілігі, мәселенің және қабылданған іс-әрекеттердің көрнекі түрде көрсетілуі, нәтижелердің көрініс табуы, белгіленген ұзақтық шектеуіне сәйкестігі) – 20 балл.

Максималды баға – 120 балл.

Қорытынды баға әр критерий бойынша қойылған балдарды қосу арқылы анықталады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер әрбір жас тобындағы әр номинация бойынша жинаған ең жоғары балдары негізінде анықталады. Қорытынды балдар тең болған жағдайда, «Бастаманың нәтижелілігі және оның қауіпсіз орта қалыптастыруға қосқан үлесі» критерийі бойынша жоғары балл жинаған қатысушыларға басымдық беріледі.

15. Конкурс қорытындысы білім беру ұйымдарының назарына Ұйымдастыру комитеті белгілеген тәртіппен жеткізіледі.

V. Конкурс қорытындысын шығару және қатысушыларды марапаттау

16. Конкурстың үшінші кезеңінің барлық қатысушыларына сертификаттар (педагогтің – ғылыми жетекшінің Т.А.Ә. көрсетіле отырып) беріледі.

17. Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.

VI. Конкурсты қаржыландыру

18. Конкурсты қаржыландыру ДпҚББД ШҚҒӘО «Дарын» бекітілген сметаға сәйкес жүзеге асырылады.