+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
пошта
ШҚО оқушыларының «Менің шағын Отаным» атты интеллектуалдық конкурсының республикалық кезеңіне қатысу қорытындысы
02 Қар, 15:14

2026 жылдың 31 қазаны мен 2 қарашасы Шығыс Қазақстан облысының оқушылар командасы Тараз қаласында өткен 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» интеллектуалдық конкурсының республикалық кезеңіне қатысты.

Конкурстың мақсаты – оқушылардың туған өлке тарихына қызығушылығын арттыру, өлкетану зерттеуін жүргізу, тарихи дереккөздерді іздеу, талдау және салыстыру, негізделген қорытындылар тұжырымдау, сондай-ақ зерттеу нәтижелерін көпшілік алдында таныстыру дағдыларын дамыту.

Республикалық кезеңге облыстық кезеңнің жеңімпаздары қатысты.

Конкурс 2 кезеңде өтті: Қазақстан тарихы бойынша тестілеу және 4 номинация бойынша стендтік жоба қорғау.

Конкурстың қорытындысы бойынша ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасымен Глубокое ауданы, Малоубинка орта мектебінің 9 сынып оқушысы Нұрамхан Мирас марапатталды.

Қатысушыларға жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейміз!