Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2026 жылдың 27-31 қазанында ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін өткізді.
Олимпиада облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі мен дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының базасында өтті.
Олимпиаданың мақсаты– ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау және қолдау үшін оңтайлы жағдайлар жасау, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу, олардың одан әрі зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануы.
Олимпиада жаратылыстану-математикалық бағыты (математика, физика, химия, биология, информатика, география) және қоғамдық-гуманитарлық бағыты (қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын тілі) пәндерінен өткізілді.
Облыстық кезеңге 1000-ға жуық аудандық (қалалық) кезеңнің жүлдегерлері қатысты.
Олимпиаданың ашықтығы мен академиялық адалдығын сақтау мақсатында Youtube арнасында трансляция ұйымдастырылды.
Олимпиада қорытындысы бойынша 373 қатысушы жүлдегер атанды ( І орын -42, ІІ орын –121, ІІІ орын – 210 оқушы).
Олимпиада жүлдегерлері мен жеңімпаздарына дипломдар, қатысушыларына сертификаттар табысталады.
Жеңімпаздар тізімі www.shygysdaryn.kz сайтында жарияланған.
Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!
Табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!