2026 жылғы 23-25 қазан аралығында Астана қаласында Астана қаласының Спорттық балл биі федерациясы мен «STARLIGHT» би-спорттық клубының ұйымдастыруымен спорттық бал билерінен халықаралық «Starlight Grand Cup 2026» турнирі өткізілді.
Турнирге Қазақстан, Италия, Түркия, Қытай Тайбэйі, Ресей және басқа да елдерді қоса алғанда әлемнің 18 елінен 76 спортшы қатысып, Қазақстан намысын 34 қатысушы қорғады.
Халықаралық турнирдің қорытындысы бойынша Өскемен қаласының «Қ. Нұрғалиев атындағы № 43 мектеп-лицейі» КММ-нің 9 сынып оқушысы Қайратқызы Айару Н2 (Wa, Cha) бағдарламасы бойынша соло разрядында І орын иеленді.
Айаруға алтын медаль мен арнайы диплом табысталды.
Айару мен оның жетекшісін және ата-анасын құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!