+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың  «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңі
9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы
21 Қаз, 16:26

2026 жылдың 21 қазанында №46 орта мектебінің базасында 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.

Негізгі мақсаты – оқушылардың туған өлке тарихына қызығушылығын арттыру, өлкетану зерттеуін жүргізу, тарихи дереккөздерді іздеу, талдау және салыстыру, негізделген қорытындылар тұжырымдау, сондай-ақ зерттеу нәтижелерін көпшілік алдында таныстыру дағдыларын дамыту.

Конкурсқа Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін мекемелерінің 9-10 сынып оқушылары – аудандық және қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты.

Конкурс 2 кезеңде өткізілді:

1 кезең - Қазақстан тарихы бойынша тестілеу;

2 кезең 4 номинация бойынша:

  • «Өлкемнің цифрлық шежіресі»;
  • «Бір жәдігер – бір тарих»;
  • «Тұлға және дәуір: цифрлық тарихи портрет»;
  • «Ақылды өлке: болашаққа арналған шешім».

Облыстық конкурсты өткізу барысында қатысушылар:

- туған өлкенің тарихын зерттеп, мұрағат құжаттарын, тарихи дереккөздер мен басқа да материалдарды талдады, зерттеу нәтижелерін цифрлық құралдар арқылы ұсынды;

- тарихи нысандардың, артефактілердің, дәстүрлердің және өңірдің басқа да тарихи-мәдени мұраларының тарихы мен құндылығын ашып көрсетті;

 - туған өлкенің дамуына үлес қосқан көрнекті тұлғалардың өмір жолы мен қызметін зерттеп, олардың тарихи маңызын бағалады;

  -.тарихи-мәдени мұраны сақтау мәселелерін анықтап, өңірді дамытуға бағытталған практикалық идеялар мен шешімдер әзірледі.

Қатысушылардың жұмысын қазылар алқасының мүшелері – облыстың жоғары оқу орындарының ғалымдары бағалады.

Конкурс қорытындысы бойынша 20 оқушы (18 жоба) жүлдегер атанды. І дәрежелі дипломмен - 5 оқушы, ІІ дәрежелі - 7 оқушы, ІІІ дәрежелі – 8 оқушы марапатталды.

Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!

Табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!