+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
пошта
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңін ұйымдастыру және өткізу ЕРЕЖЕСІ
20 Қаз, 08:33

І. Жалпы ережелер

1. Осы ереже Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 99 бұйрығымен бекітілген «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидалары» (бұдан әрі - Қағидалар), Халықаралық Қағидалар (ISEF) талаптары, «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2022 жылғы 12 қазандағы бекітілген «Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық зерттеу жобалар конкурсының Ережесі» негізінде әзірленген жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңін (бұдан әрі – Конкурс) ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.

Конкурстың мақсаты оқушылардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету болып табылады.

Конкурстың міндеттері:

1) оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру;

2) ең талантты және дарынды зерттеушілерді іріктеу және қолдау;

3) оқушылардың үздік зерттеу жетістіктері мен өнертабыстарын көрсету және насихаттау;

4) оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамыту мәселелеріне қоғамның назарын аудару және ғылыми-зерттеу ресурстарын тарту.

2. Конкурстың 4 кезеңнен тұрады: мектепішілік, аудандық/қалалық, облыстық, республикалық.

3. Конкурсқа 19 секцияда 2 бағыт бойынша жұмыстар ұсынылады:

І бағыт – жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша секциялар:

  • Физика. Инженерлік ғылымдар;
  • Жер және ғарыш туралы ғылым. Астрономия;
  • Математика. Қолданбалы математика;
  • Робототехника. STEM;
  • Экономика және қаржы;
  • Креативті индустрия;
  • Ақпараттық жүйелер мен технологиялар. Есептеу нейроғылымы;
  • География және туризм;
  • Химия. Қоршаған орта химиясы;
  • Биология және өмір туралы ғылымдар. Биохимия;
  • Экология.

ІІ бағыт – қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша секциялар:

  • Тіл білімі (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі);
  • Әдебиет (қазақ, орыс);
  • Тарих. Адам және қоғам;
  • Дүниежүзілік мәдени мұра. Түркітілдес елдер мен қазақ халқының мәдениеті. Әлем халықтарының этнографиясы;
  • Әлеуметтік желілер және маркетинг.

4. Конкурсқа ұсынылатын жұмыстар:

1) ғылымның осы саласындағы фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды және жекелеген, бұрын белгісіз жаңалықтарды және эксперименттерді жариялау;

2) мектеп эксперименттерін жетілдіруге және өндірістік процестерді рационализациялауға жәрдемдесетін практикалық міндеттерді шешуге жаңа енгізетін аппараттардың, модельдер мен аспаптардың конструкцияларын құрастыру;

3) әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған экономикалық-заңдық негіздемесі бар компьютерлік модельдер мен жобалар әзірлеу;

4) зерттеу жобасының дайын өнімін (макет, өнім, модель, бағдарлама, буклет) ұсыну.

II. Ғылыми жобалар конкурсын ұйымдастыру және өткізу тәртібі

1. Зерттеу жұмыстарының тақырыптары «Regeneron ISEF» (Вашингтон қаласы, АҚШ) аффиляциялау мақсатында ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінен кешіктірілмей «Дарын» РҒПО-да тіркеледі.

2. Зерттеу конкурсы төрт кезеңде өткізіледі:

1) аудандық/қалалық кезең – білім бөлімдері оқушылардың ғылыми қоғамының немесе ғылыми жетекшінің ұсынысы бойынша 9-11 сынып оқушылары қатысады. Командалық жұмысты екіден көп емес оқушы орындайды.

2) облыстық кезең – екі турдан тұрады.

Облыстық кезеңге 9-11 сынып оқушылары қатысады.

Облыстық кезеңнің бірінші турына қатысу үшін жұмыс антиплагиатқа тексеріледі (бірегейліктің рұқсат етілген пайызы – 80%) және жоба алдын-ала сараптаудан өтеді. Көрсетілген шекті пайызға жетпеген жұмыстар облыстық кезеңге қатысуға жіберілмейді.

Облыстық кезеңнің бірінші туры - жобаларды қорғау. Ғылыми жетекшінің пікірімен және ілеспе құжаттарымен (өтінім, зерттеу жұмысы, зерттеу күнделігі) жұмыстарды ұсынған, антиплагиатқа тексеру мен жобасы алдын-ала сараптамадан өткендер қатысады.

Конкурсқа қатысушылар төменде көрсетілген талаптарға сәйкес жобаны қорғау үшін демонстрациялық материалдарды (баннер, макеттер немесе конструкциялар және тб.) дайындауы қажет.

Жұмысты қорғау кезінде жобаның авторына (бірлескен авторына) 12 минуттан артық уақыт берілмейді (жобаны қорғауға – 7 минут, қазылар алқасының сұрақтарына – 5 минут).

Конкурстың облыстық кезеңінің бірінші туры Regeneron ISEF стандарттарына сәйкес ашық көрме форматында өткізіледі.

Ютуб арна бойынша бейнебақылаумен трансляция жүргізіледі.

Облыстық кезеңнің екінші туры – Қағидалардың қосымшасында көрсетілген жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобаларының конкурсы өткізілетін пәндер тізбесіне сәйкес қатысушының сыныбына, оқыту тіліне сәйкес бейіндік пәндер бойынша тестілеу жүргізіледі.

Тестілеу 60 тест тапсырмасынан (120 балл) тұрады, оларды орындау үшін  2 астрономиялық сағат беріледі.

Тестілеу - бір мезгілде республиканың барлық облыстарында өткізіледі. Зерттеу байқауының ережелеріне сәйкес тестілеу нәтижелерінің апелляциясы қарастырылмаған.

Тестілеу кезінде қатаң тыйым салынады:

● тест тапсырмаларын ұжымдық орындау, бөгде адамның көмегін пайдалану (ата-аналар, мұғалімдер, интернет желісі және т. б.);

● ішкі жадтан немесе Интернеттен жүктелген мәтіндік, графикалық және/немесе аудио форматта ақпарат беруге қабілетті кез келген байланыс құрылғыларын, смартфондарды, смарт-сағаттарды немесе кез келген басқа гаджеттерді пайдалануға;

● кез-келген электронды немесе қағаз анықтамалық ақпаратты, оқулықтарды, басқа әдебиеттерді, конспектілерді және басқа дайындалған жазбаларды, калькуляторларды қолдану (Физика және химия пәндерінен калькуляторларды қолдануға рұқсат етіледі);

● жұмыс орнынан кету.

Үшінші кезеңге тестілеудің жалпы балдарының кемінде 50%-ын жинаған қатысушылар жіберіледі. Командалық жұмысты үшінші кезеңге жіберу үшін өту балы жұмыс авторлары жинаған балдардың арифметикалық орташа мәні болып табылады.

3) іріктеу кезеңі - зерттеу жұмыстарының сараптамасы.

Байқаудың республикалық кезеңіне тестілеуден 60 және одан жоғары ұпай жинаған, зерттеу жұмыстарының сараптамасынан өткен облыстық кезеңнің жүлдегерлері жіберіледі.

4) республикалық кезең – Ереже талаптарына сәйкес рәсімделген стендтік материалды ұсынып, зерттеу жұмысын қорғайды.

ІII. Ғылыми жобаны рәсімдеуге қойылатын талаптар

1. Титул парағы нөмірленбейді, келесі беттің нөмірі-2 және титул парағында көрсетіледі:

- жұмыс орындалған ұйымның толық атауы, қала, автордың (бірлескен автордың) тегі, аты, сыныбы;

- жұмыс атауы;

- бағыты, секциясы;

- жоба жетекшісінің (мұғалімнің) және ғылыми кеңесшінің (ғалымның) - тегі, аты, әкесінің аты;

- аудан/қала, жылы;

2) Зерттеу жұмысының көлемі баспа мәтіннің 20 парағынан аспауы тиіс; теру шрифті – Times New Roman, шрифт өлшемі – 14, кегль (жоларалық интервал 1,5 см), азат жол шегінісі - 1,25 см; жиектері: жоғарғы, төменгі, оң жақ - 2 см, сол жақ – 3 см; беттерді төменгі ортасынан нөмірлеу.

3) Жұмыс қамтиды:

а) Мазмұны,

б) Эссе - көлемі 250 сөзден аспайтын, зерттеу жұмысы тілінде жазылады (оқушының алған нәтижесін сипаттауы және оның қазіргі заманның қандай да бір өзекті проблемасын шешуге ықпалын дәлелдеу. Сонымен қатар, автор зерттеу жетістіктері, мақсаттары мен мүдделері туралы сипаттап, өз жұмысының бірегейлігін айқындайды);

в) Аннотация - көлемі 250 сөзден аспайтын, зерттеу жұмысының тілінде және ағылшын тілінде жазылады (зерттеудің өзектілігі, мақсаты, гипотезасы; кезеңдері; әдістері; зерттеудің жаңалығы, дербестік дәрежесі және қорытындылары);

г) Ғылыми жетекшінің зерттеу жұмысына (ғалымның) шолуы – жұмыстың практикалық қызмет үшін маңыздылығы туралы ақпарат, зерттеудің өзектілігі дәрежесін және жұмысты орындаудың дербестігін көрсету.

д) Кіріспе - осы жұмыстың қажеттілігін көруге мүмкіндік беретін таңдалған тақырып бойынша белгілі нәтижелерге аналитикалық шолу;

е) Жұмыстың зерттеу бөлігі (15 беттен артық емес) жеке тараулардан (параграфтардан) тұруы және мыналарды қамтуы тиіс:

- қойылған міндеттерді шешу әдістерінің сипаттамасы;

- жұмыс нәтижелері және оларды талқылау;

- А4-тегі иллюстрациялық материал (сызбалар, графиктер, фотосуреттер, суреттер);

ж) Қорытынды (1 беттен артық емес) жұмыстың негізгі нәтижелерін және олардың негізінде жасалған қорытындыларды, жұмыс нәтижелерін ғылыми және практикалық мақсаттарда пайдалану жөніндегі ұсынымдарды қамтиды;

з) Пайдаланылған әдебиеттер тізімі жұмыстың соңында жалпы тізіммен мынадай тәртіппен келтіріледі: (автордың тегі мен аты-жөні; мақала мен журналдың атауы (журнал мақалалары үшін); кітаптың атауы; басып шығарылған жері мен баспасы (кітаптар үшін); беті, шығарылым нөмірі, шыққан жылы). Мәтінде пайдаланылған әдебиеттерге сілтемелер тік жақшада берілуі керек. Мәтінде сілтемелер пайда болған кезде нөмірлеу дәйекті болуы керек;

к) Қосымшалар:

Оқушының ғылыми жобасының күнделігі:

- зерттеу жоспары (мерзімі/айы-жылы; қызмет атауы; нәтижесі) (фото және видео растаумен, бейне ұзақтығы 2 минуттан, көлемі 50 Mb аспауы тиіс);

- жоба жетекшісінің оқушының зерттеу жұмысы туралы Пікірі - таңдалған тақырыптың өзектілігі, автордың жұмысқа қосқан жеке үлесі, оқушының жоба бойынша жұмыс кезінде алған өзіндік зерттеу қызметінің жаңа білімі мен дағдылары, жұмыстың кемшіліктері және нәтижелерді одан әрі пайдалану бойынша ұсыныстар көрсетіледі. Сонымен қатар, жетекші зерттеу барысында академиялық адалдық қағидаттарын, этикалық нормаларды, алынған нәтижелердің сенімділігі мен дұрыстығын сақталуын қамтамасыз етіп, растайды.

- оқушы туралы ақпарат (аты-жөні, сыныбы, мектебі, тб.) тек титул парағында көрсетілуі тиіс.

4) төртінші - республикалық кезеңге жобаға демонстрациялық материал дайындау ұсынылады (120*120 см. өлшемді баннер, макет,модель немесе конструкция және т.б.).

Облыстық кезеңге арналған баннерді рәсімдеуге қойылатын талаптар:

Баннер пішіні: 180 см (биіктігі)*80 см (ені);

Баннер мазмұнын рәсімдеу:

Баннер материалдарыжұмыстың мазмұнын қысқаша, көркемдік талаптарға сай бейнелеуі қажет және келесілерді қамтуы тиіс:

- жоба тақырыбы;

- өзектілігі;

- мақсаты мен міндеттері;

- әдістер мен зерттеу болжамы;

- графиктер, фотосуреттер, кескін суреттер, диаграммалар (барлығы нөмірленуі тиіс);

- нәтижелер, қорытындылар;

- баннер кеңістігі шекті деңгейге дейін толтырылады. Баннер алаңының шамамен 50% мәтіндік ақпаратпен толтыру, бос орындарға суреттер, графиктер, кестелер және т. б. үшін пайдалану ұсынылады.

Баннерде көрсетуге тыйым салынған заттар/материалдар:

1. Қатысушының аты-жөнін, мектебін, елді мекеннің атауларын жазуға;

2. Логотиптерді, соның ішінде танымал коммерциалық брендтерді, институционалдық елтаңбаларды немесе сауда белгілерін, жалауларды пайдалану;

3. Жобамен байланысты белгіленген немесе болжамды бизнестің коммерциялық мақсатын немес өміршеңдігін көрсету үшін әзірленген жекелендірілген графика/логотиптер;

4. Зерттеулерді қолдаған мекемеге немесе тәлімгерге кез келген сілтеме;

5. Жобаның патенттік мәртебесіне кез келген сілтеме;

6. дискілер, компакт-дискілер, флеш-дискілер, брошюралар, буклеттер, визиткалар, баспа материалдары немесе қазылар алқасына, жұртшылыққа таратуға арналған азық-түлік сияқты кез келген заттар;

7. Кез келген марапаттар немесе медальдар;

8. Пошта мекенжайлары, Дүниежүзілік желі, электрондық пошта, және/немесе әлеуметтік медиа мекенжайлары, QR кодтары, жобаның немесе қатысушының телефон және/немесе факс номерлері;

9. Демонстрациялық бөлігі ретінде белсенді Интернет немесе электрондық пошта байланысы.

IV. Ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздарын марапаттау

1. Ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

2. Облыстық кезеңдегі жеңімпаздар саны зерттеу конкурсының облыстық кезеңіне қатысушылардың жалпы санының 45 пайызын құрайды. Егер бірнеше қатысушы жүлделі орындарды айқындау үшін қажетті ең төменгі деңгейге сәйкес келетін бірдей балл жинаған жағдайда, қазылар алқасының шешімі бойынша республикалық кезең жеңімпаздарының саны артады.

3. I, II және III дәрежелі дипломдардың саны мынадай пропорция негізінде айқындалады: жеңімпаздар санының 50% III дәрежелі дипломдармен, 30% II дәрежелі дипломдармен, 20% I дәрежелі дипломдармен марапатталады.

V. Конкурсты қаржыландыру

1.Конкурсқа қатысушылардың және олардың жетекшілерінің іссапар шығындары (екі жаққа жол жүру, тұру, тамақтану) жіберуші жақ есебінен төленеді.

2.Конкурсты өткізу, жүлдегерлерді марапаттау бекітілген шығындар сметасына сәйкес «Дарын» ДпҚББД ШҚҒӘ орталығы жүзеге асырады.

 

Қосымша 1

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өткізілетін пәндер тізбесі

№

Секциясы

Пәндері

І бағыт – жаратылыстану-математикалық пәндер

1

Физика. Инженерлік ғылымдар

Физика, Математика, Информатика

2

Жер және ғарыш туралы ғылым. Астрономия

Физика

3

Математика. Қолданбалы математика

Математика

4

Робототехника. STEM

Информатика, Математика

5

Экономика және қаржы

География, Математика

6

Креативті индустрия

Информатика

7

Ақпараттық жүйелер мен технологиялар. Есептеу нейроғылымы

Информатика, Математика

8

География және туризм

География

9

Химия. Қоршаған орта химиясы

Химия

10

Биология және өмір туралы ғылымдар. Биохимия

Биология, Химия

11

Экология

Биология, География

ІІ бағыт – қоғамдық-гуманитарлық пәндер

12

Тіл білімі (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі)

Қазақ тілі, Орыс тілі, Ағылшын тілі

13

Әдебиет (қазақ, орыс)

Қазақ әдебиеті,

Орыс әдебиеті,

Дүниежүзі әдебиеті

14

Тарих. Адам және қоғам

Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы,

Құқық негіздері

15

Дүниежүзілік мәдени мұра. Түркітілдес елдер мен қазақ халқының мәдениеті. Әлем халықтарының этнографиясы

Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы,

Қазақ әдебиеті,

География

16

Әлеуметтік желілер және маркетинг

Қазақ әдебиеті,

Орыс әдебиеті,

Информатика, География