+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Областной интеллектуальный конкурс «Асыл тас»
«Жыр алыбы - Жамбыл» республикалық жас ақындар айтысының қорытындысы
16 Окт, 11:32

2026 жылғы 13-16 қазан аралығында Алматы облысы Жамбыл ауданының Жамбыл ауылында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында республикалық «Жыр алыбы - Жамбыл» жас ақындар айтысы өтті.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырды.

Айтыстың мақсаты - ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың шығармашылығын насихаттау, табиғи таланттарды анықтап, қабілеттерін шыңдау, оқушылардың поэзияға деген құштарлығы мен қызығушылығын арттыру.

Республикалық қорытынды кезеңге облыстық кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты.

Республикалық айтыс екі бағыт бойынша ұйымдастырылды:

1. Тақырыптық айтыс

2. Қайым айтыс

Айтысқа Шығыс Қазақстан облысынан 2 оқушы қатысып, бағыттары бойынша бақ сынады. Соның ішінде қайым айтыс бағыты бойынша Өскемен қаласы білім бөлімінің Абай атындағы №33 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Мұратханұлы Мұхтар III орынды иеленді.

Жүлдегерге арнайы диплом, кітап және 50 000 (елу мың) теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталды.

Жүлдегерді жеңісімен құттықтаймыз! Шығармашылық табыстар тілейміз!