2026 жылғы 14 қазан күні Өскемен қаласындағы «Нұрорда» мектеп-лицейінің базасында FIRST CANOPY 2026–2027 халықаралық робототехника маусымы аясындағы ұлттық кезеңі бойынша мұғалімдерге арналған оқу-жаттығу кезеңі (Scrimmage) өтті.
Оқу-жаттығу кезеңіне қалалық және аудандық білім бөлімдерінің мұғалімдері мен әдіскерлері қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаттары мен міндеттері:
- педагогтердің білім беру және спорттық робототехника саласындағы кәсіби құзыреттерін арттыру;
- мектеп командаларын FIRST Robotics жарыстарына дайындаудың озық әдістемелерімен таныстыру;
- өңір мектептерінде STEM-білім беруді қолдау және дамыту.
Оқу-жаттығу кезеңі аясында қатысушылардың практикалық дағдыларын қалыптастыруға және тәжірибе алмасуына бағытталған робототехника бойынша шеберлік сабақтары мен практикалық сабақтар өткізілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.