+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
пошта
9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңін өткізу ЕРЕЖЕСІ
13 Қаз, 14:29

I. Жалпы ережелер

1.1. Осы Ереже 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңінің (бұдан әрі – Конкурс) мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастырушылық-әдістемелік қызметінің қамтамасыздандырылуын, өткізу мен қаржыландыру тәртібін, қатысуын және жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау тәртібін белгілейді.

1.2. Осы Ережелерде келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

  1. конкурстық жұмыс – қатысушының зерттеу немесе жобалықжұмысы, стенді, ауызша қорғауы және номинация талаптарына сәйкес ұсынылатын цифрлық материалы;
  2. цифрлық материал – стенд мазмұнын толықтыратын бейне, аудио, таныстырылым, цифрлық карта, интерактивті хронологиялық желі, виртуалды экскурсия, 3D-модель немесе өзге электрондық ресурс;
  3. ЖИ пайдалану туралы декларация – қолданылған жасанды интеллект құралдары, оларды пайдалану мақсаттары мен тәсілдері, алынған нәтижелерді тексеру және қатысушының осы нәтижелерді өз бетінше жетілдіруі туралы мәліметтерді қамтитын нысан.

1.3. Конкурс ұйымдастырушылары Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан  ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – «Дарын» ШҚ ДпҚББДҒӘО) болып табылады.

1.4. Конкурстың мақсаты – оқушылардың туған өлке тарихына қызығушылығын арттыру, өлкетану зерттеуін жүргізу, тарихи дерек көздерді іздеу, талдау және салыстыру, негізделген қорытындылар тұжырымдау, сондай-ақ зерттеу нәтижелерін көпшілік алдында таныстыру дағдыларын дамыту.

1.5. Конкурстың негізгі міндеттері:

- өлкетану және далалық зерттеу жұмыстарын жүргізу мәдениетін қалыптастыру, тарихи дереккөздерді іздеу, талдау және салыстыру дағдыларын дамыту;

- архивтік, музейлік, ауызша және цифрлық дереккөздерді жауапкершілікпен, сыни тұрғыдан және дұрыс пайдалану дағдыларын қалыптастыру;

- зерделенген дереккөздер мен жүргізілген зерттеу нәтижелері негізінде дәйекті қорытындылар тұжырымдау дағдыларын дамыту;

- зерттеу жүргізу және оның нәтижелерін таныстыру кезінде цифрлық құралдар мен жасанды интеллект технологияларын саналы, қауіпсіз әрі ашық пайдалану дағдыларын дамыту;

- туған өлкенің тарихи-мәдени мұрасын зерделеуге, сақтауға және насихаттауға бағытталған оқушылардың бастамаларын қолдау;

- зерттеу нәтижелерін стендтік, көрнекі және цифрлық материалдар, сондай-ақ ауызша қорғау арқылы түсінікті әрі дәлелді түрде ұсыну дағдыларын дамыту.

ІІ. Конкурсты ұйымдастыру комитеті

2.1. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрылады.

Ұйымдастыру комитеті:

- Конкурстың дайындығына және өткізілуіне тікелей басшылықты жүзеге асырады;

- Конкурсқа қатысу үшін қажетті материалдар мен өтінімдерді қабылдайды;

- Конкурстың қазылар алқасының құрамын құрады және бекітеді;

- Конкурс шараларының түрлерін, олардың өткізілуін анықтайды;

- Конкурстың қорытындысын талдайды және жалпылайды;

- Конкурстың дайындығын, өткізілуін және қорытындысын БАҚ жариялауды қамтамасыз етеді.

2.2. Конкурстың қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын бағалайды, қорытынды шығарады, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.

2.3. Қазылар алқасы қатысушылар ұсынған материалды келесі критерийлер негізінде бағалайды:

- тақырыптың сапасы және толық ашылуы (жұмыстың номинация мен тақырыпқа сай болуы, мазмұндылығы, зерттеу дәрежесі);

- қорытынды айқындығы, көркемдік шеберлігі, жұмыстың орындалу техникасы және сапасы (ойлау ерекшелігі), автордың жас ерекшелігінің шығармашылық деңгейіне сәйкестігі.

ІІІ Конкурс қатысушылары

3.1. Конкурсқа ШҚО білім беру мекемелерінің 9-10 сынып оқушылары қатыса алады.

3.2. Конкурстың жұмыс тілдері қазақ және орыс тілдері болып табылады.

3.3. Конкурс жеке немесе командалық болып табылатын екі түрдегі зерттеу жұмыстарын көздейді. Бір жұмыспен бір ғана номинацияға қатыса алады.

3.4. Қатысушы келесі кезеңге алдыңғы кезеңнің қорытынды рейтингі және ұйымдастырушы белгілеген квота бойынша өтеді. Өзін-өзі ұсынуға және алдыңғы кезеңге қатыспай келесі кезеңге тікелей өтуге жол берілмейді.

3.5. Команда жетекшісі жіберуші тараптың бұйрығымен тағайындалады. Команда жетекшісі қажетті құжаттардың толық әрі уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етеді, қатысушылардың жол жүруі және Конкурсқа қатысуыкезінде олардың қауіпсіздігі, өмірі мен денсаулығы үшін өз өкілеттігі шегінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жауапты болады. Команда жетекшісіне қатысушының орнына жұмысты қорғауға немесе қазылар алқасының жұмысына араласуға жол берілмейді.

IV. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі

4.1. Конкурс үш кезеңде өтеді:

Бірінші кезең – аудандық (қалалық) кезең ағымдағы жылдың 15 қазанында өткізіледі;

Екінші кезең – облыстық кезең ағымдағы жылдың 22 қазан айында;

Үшінші кезең – республикалық кезең ағымдағы жылдың 31 қазаны мен  2 қараша өткізіледі.

 Конкурсқа квотаға сәйкес облыстық кезеңнің жеңімпаздары қатысады.

4.2. Конкурсқа қатысу білім беру ұйымдарының басшылары, облыстық мамандандырылған мектеп директорларының қолымен бекітілген сұраныс мекен-жайға жіберіледі: Өскемен қ., Абай даңғылы 21, е-mail: vk_daryn@mail.ru.

4.3. Сұранысқа қоса тіркеледі:

1) қатысушылар туралы мәлімет (тегі, аты, сыныбы, туған жылы, сыныбы, оқу тілі, қорғайтын тақырыбы, әлеуметтік жағдайы, оқу орны және білім беру ұйымы, үйінің мекен-жайы, дайындаған педагогтың тегі, аты, әкесінің аты, ұялы телефоны);

2) Жасанды интеллект құралдары қолданылған жағдайда – осы Ережелердің 2-қосымшасына сәйкес ЖИ пайдалану туралы декларация;

3) Осы Ережелердің 3-қосымшасына сәйкес заңды өкілдің дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімі;

4) Жұмысты толық немесе ішінара жариялау жоспарланған жағдайдаосы Ережелердің 4-қосымшасына сәйкес жұмысты пайдалануға жеке жазбаша келісім;

5) осы Ережелердің 5-қосымшасына сәйкес алдыңғы кезеңнің қорытынды хаттамасы;

6) қатысушылардың жеке төлқұжатының немесе тууы туралы куәлігінің көшірмесі.

4.4. Қатысушылар 4 номинация бойынша, «Өлкемніңцифрлықшежіресі» (жеке жоба 1 қатысушы, 9 сынып), «Біржәдігер–біртарих» (жеке немесе командалық 2 қатысушыдан артық емес, 9 сынып), «Тұлға және дәуір: цифрлық тарихи портрет» (жеке жоба 1 қатысушы, 10 сынып), «Ақылды өлке: болашаққа арналған шешім» (жеке немесе командалық 2 қатысушыдан артық емес, 10 сынып) қатысады. Барлық қатысушылар Қазақстан тарихы сұрақтары бойынша тестілеуден өтеді.

4.5. Конкурсқа қатысу арқылы қатысушы фото/бейне түсірілім мен жеке деректерді өңдеуге рұқсат береді.

V. Конкурсты өткізу шарттары

5.1. Конкурс екі айналымда өтеді:

І айналым – Қазақстан тарихы сұрақтары бойынша тестілеу;

ІІ айналым – 4 номинация бойынша:

9 сынып оқушылары үшін:

- «Өлкемнің цифрлық шежіресі» (жеке жоба 1 қатысушы, 9 сынып).

Номинацияға туған өлкенің тарихын цифрлық құралдардың көмегімен жүйелі және көрнекі түрде таныстыратын жұмыстар ұсынылады. Қатысушы тарихи кезеңді, оқиғаны, елді мекенді немесе орынды таңдап, архивтік құжаттарды, кітаптарды, мерзімді басылымдарды, фотосуреттерді, карталарды және ауызша тарих материалдарын салыстырады. Оқиғалардың уақыты, орны, себептері мен маңызы түсіндіріліп, авторлық қорытынды жасалады. Зерттеу нәтижесі цифрлық карта, интерактивті хронологиялық желі немесе виртуалды экскурсия түрінде міндетті түрде ұсынылады; оны қысқаметражды бейнеролик немесе инфографика толықтыра алады.

- «Бір жәдігер – бір тарих» (жеке немесе командалық жоба 2 қатысушыдан артық емес, 9 сынып).

Номинацияға белгілі бір жәдігердің немесе тарихи-мәдени нысанның шығу тарихын, ерекшелігін және құндылығын ашатын жұмыстар ұсынылады. Зерттеу нысаны ретінде тұрмыстық бұйым, еңбек құралы, қолөнер туындысы, құжат, хат, фотосурет, кітап, марапат, тарихи ғимарат, ескерткіш, жер-су атауы, отбасылықмұра,шежіре,әдет-ғұрып,дәстүрнемесетарихи-мәденимаңызыбар табиғи орын таңдалуы мүмкін. Қатысушы нысанның тарихын әртүрлі дереккөздер арқылы тексеріп, оның маңызын түсіндіреді және сақтау немесе таныту жөнінде нақты ұсыныс береді. Цифрлық материал ұсыну міндетті емес.

10 сынып оқушылары үшін:

- «Тұлға және дәуір: цифрлық тарихи портрет» (жеке жоба 1 қатысушы, 10 сынып).

Номинацияға туған өлкенің қоғамдық, ғылыми, білім беру, мәдени, әдеби, спорттық немесе әлеуметтік дамуына үлес қосқан тұлға туралы зерттеу жұмыстары ұсынылады. Қатысушы тұлғаның өмір жолын қайталап баяндаумен шектелмей, оның қызметін дәуірдің тарихи және қоғамдық жағдайымен байланыстырады, өңірге ықпалын нақты деректермен дәлелдейді және мұрасына авторлық баға береді. Зерттеу нәтижесі цифрлық тарихи портрет, интерактивті таныстырылым, хронологиялық желі немесе қысқаметражды бейнеролик түрінде міндетті түрде ұсынылады.

- «Ақылды өлке: болашаққа арналған шешім» (жеке немесе командалық жоба 2 қатысушыдан артық емес, 10 сынып).

Номинацияға туған өлкенің тарихи-мәдени мұрасын, жергілікті бірегейлігін, қоғамдық жадын немесе тарихи нысандарға қолжетімділікті сақтауға қатысты нақты мәселені зерттеп, оны шешуге арналған жоба әзірлеген жұмыстар ұсынылады. Қатысушы мәселені және мақсатты топты анықтайды, бақылау, сауалнама, сұхбат, өлшеу, салыстыру немесе ашық деректерді талдау арқылы дәлел жинайды, іске асырылатын шешім ұсынады, қажетті ресурстарды, тәуекелдер мен күтілетін нәтижелерді көрсетеді. Макет, прототип, цифрлық модель немесе бейнеролик ұсынуға болады, бірақ ол міндетті емес.

5.2. Конкурс қатысушылары ұсынылған жұмыстары бойынша (музыканың, фотосуреттің, мәтіндердің және т.б. заңды пайдалану) авторлық құқықты сақтауға кепілдікті қамтамасыз ету.

5.3. Қатысушылардың жұмыстары авторлық құқықты сақтауға кепілдік бере отырып, Конкурсты насихаттау мақсатында ұйымдастырушылар тарапынан пайдаланылуы мүмкін.

VI. Конкурстық жұмысқа және стендке қойылатын талаптар

  1. Конкурстық жұмыстың негізгі таныстырылым форматы – зерттеу немесе жобалық стенд және қатысушының ауызша қорғауы. Номинация талаптарында көзделген цифрлық материал стендтің мазмұнын толықтырады, бірақ оны алмастырмайды.
  2. Стенд материалдары осы Қағидалардың 7-қосымшасында берілген толтыру сызбасына сәйкес орналастырылады:
  3. сол жақ панельде: тақырыптың өзектілігі, зерттеудің мақсаты, міндеттері мен әдістері;
  4. орталық панельде: жұмыс тақырыбы, зерттеу мәселесі немесе сұрағы, фактілер мен деректерді, авторлық талдауды және зерттеу нәтижелерін қамтитын негізгі нәтиже. Жұмыс тақырыбының сол жағында ұйымдастырушы толтыратын тіркеу код (шифр) толтыруға арналған ені 14 см, биіктігі 7 см бос орын қалдырылады;
  5. оң жақ панельде: қорытындылар, жұмыстың практикалық маңызы, пайдаланылған дереккөздер және цифрлық материал болған жағдайда, оған қол жеткізуге арналған QR-код. Қажет болған жағдайда практикалық маңызы бөлімінде ұсынымдар беріледі.
  6. Стенд үстел үстіне қойылатын, жиналмалы, орнықты, қауіпсіз және тасымалдауға қолайлы үш бөлікті панель түрінде дайындалады. Стендтің өлшемдеріне, салмағына, құрылымына, материалдарына, мазмұнын орналастыруға және қауіпсіз пайдалануға қойылатын талаптар осыЕрежелердің 7-қосымшасында белгіленеді.
  7. Стенд мәтіні қысқа, құрылымды және алыстан оқуға қолайлы болуға тиіс. Басқа дереккөздерден алынған фотосуреттердің, карталардың,кестелердің, диаграммалардың, дәйексөздердің және өзге де материалдардың атауы мен дереккөзі көрсетіледі.
  8. Цифрлық картада зерттелген нысандардың орналасқан жері, қысқаша сипаттамасы,фотосуреті және дерек көзі көрсетіледі. Интерактивті хронологиялық желі негізгі оқиғалардың мерзімін, ретін және өзара байланысын қамтиды. Виртуалды экскурсияда маршрут, аялдамалар және оларды түсіндіретін мәтіндік, дыбыстық немесе бейнематериал беріледі.
  9. Қосымша бейнероликтің немесе аудиожазбаның ұзақтығы бірминуттан аспайды. Цифрлық материалды көрсету уақыты қорғаудың жалпы уақытына кіреді. Материал QR-код арқылы ұсынылған жағдайда қатысушы оның интернет желісінсіз ашылатын резервтік көшірмесін дайындайды. Ұсынылатын файл форматтары: PPTX, PDF, MP4, MP3, JPG және PNG. Файлдардың қауіпсіз әрі дұрыс ашылуына қатысушы жауап береді.
  10. Ақылы бағдарламаларды, күрделі жабдықты, жасанды интеллект құралдарын немесе қымбат безендіру материалдарын пайдалану өз алдына бағалауда артықшылық бермейді. Цифрлық материал ұсыну міндетті емес номинациялар бойынша оның болмауы қатысушының бағасын төмендетуге негіз болмайды.
  11. Далалық зерттеу, сұхбат жүргізу, фотоға немесе бейнеге түсіру кәмелетке толған жауапты тұлғаның бақылауымен және тиісті тұлғалардың келісімімен жүзеге асырылады. Қатысушыға жабық немесе қауіпті аумақтарға рұқсатсыз кіруге, жеке меншік аумақта келісімсіз зерттеу жүргізуге, тарихи-мәдени нысандарды зақымдауға, жәдігерлерді рұқсатсыз алуға немесе орнын өзгертуге, сондай-ақ қазба жұмыстарын өз бетінше жүргізуге жол берілмейді.

VII. Дерек көздер, авторлық құқық, дербес деректер және академиялық адалдық

7.1. Жұмыста кемінде үш сенімді дереккөз пайдаланылады. Дәйек сөздерге, суреттерге, карталарға, архивтік құжаттарға және өзге алынған материалдарға авторы немесе құқық иесі және алынған жері көрсетілген сілтеме беріледі. Дұрыс рәсімделген дәйексөз бен дереккөзге сілтеме плагиат болып есептелмейді.

7.2. Конкурстық жұмысты толық немесе ішінара жариялау, көбейту, тарату, интернет-ресурстарда орналастыру, көпшілікке көрсету, аудару, өңдеу немесе өзге тәсілмен пайдалану қатысушының және оның заңды өкілінің жеке жазбаша келісімі негізінде жүзеге асырылады.

7.3. Қатысушының дербес деректерін жинау және өңдеу заңды өкілдің жеке жазбаша келісімі негізінде жүзеге асырылады.

7.4. Сұхбат, сауалнама, фото, аудио немесе бейнежазба ерікті келісім негізінде жүргізіледі. Кәмелетке толмаған тұлғаға қатысты келісімді оның заңды өкілі береді. Зерттеу нәтижесінде респонденттің жеке басына шуталапетілмесе, мәліметтер иесіздендіріледі. Қатысушы медициналық диагноз қоймайды, емдеу тәсілдерін сынамайды және респондентке психологиялық немесе өзге қысым жасамайды.

7.5. Жасанды интеллект құралдары қолданылған жағдайда қатысушы осы Ережелердің 2-қосымшасына сәйкес ЖИ пайдалану туралы декларацияны толтырып, қолданылған әрбір құралды және оны қолданудың әрбір жағдайын жеке көрсетеді.

7.6. Плагиатқа, өзгенің жұмысын иемденуге, бастапқы деректерді бұрмалауға, жалған дәйексөздер мен дереккөздер жасауға, жасырын орындаушыны тартуға, сондай-ақ жұмысты қатысушының орнына басқа тұлғаның немесе ЖИ құралының орындауына жол берілмейді.

7.7. Академиялық адалдықтың ықтимал бұзылуы анықталған жағдайда ұйымдастырушылар қатысушыдан жазбаша немесе ауызша түсініктеме, зерттеу күнделігін, бастапқы деректерді, сұрау үлгілерін және өзге растайтын материалдарды сұратады.

7.8. Академиялық адалдық талаптарының бұзылғаны дәлелденген жағдайда ұйымдастырушы жұмыстың нәтижесін жарамсыз деп таниды және қатысушыны Конкурстан шеттетеді.

VIIІ. Бағалау критерийлері

8.1. Конкурстық жұмыстар барлық номинациялар бойынша бірыңғай бағалау критерийлерінің негізінде 70 балдық шкала бойынша бағаланады.

Конкурстың қорытынды нәтижесі тестілеу мен конкурстық жұмысты қорғау нәтижелерінің қосындысы бойынша анықталады:

  • тестілеу – 30 балл;
  • конкурстық жұмысты қорғау – 70 балл;
  • жалпы қорытынды – 100 балл.

Әр критерий бойынша балл мынадай тәртіппен қойылады:

9–10 балл – критерий толықашылған, нақты әрі сенімді деректермен дәлелденген; 7–8 балл – критерий жеткілікті деңгейде ашылған, елеусіз кемшіліктер бар; 1–3 балл – критерий үстірт қарастырылған, елеулі кемшіліктер бар;

0 балл – критерий бойынша материал ұсынылмаған немесе талап орындалмаған.

Цифрлық материалдың техникалық күрделілігі және жасанды интеллект құралдарын пайдалану фактісі өз алдына артықшылық болып табылмайды. Бағалау кезінде зерттеу мазмұнына, деректердің сенімділігіне, қатысушының авторлық үлесіне және жұмыстың практикалық маңызына басымдық беріледі. Жасанды интеллектіні қолданбағаны үшін қатысушының балы төмендетілмейді.

ІХ. Жеңімпаздарды марапаттау

9.1. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің саны қатысушылардың жалпы санының 45% -ын құрайды. Бұл пропорция Конкурстың барлық кезеңдерінде сақталады.

9.2. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломмен,  қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар беріледі.

X. Қаржыландыру

10.1. Іс-шараны қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес «Дарын» ДпҚББД ШҚҒӘ орталығы  жүзеге асырады.

10.2. Конкурсқа қатысушылардың іссапар шығындарын (екі жаққа жол шығыны, тамақтану, тұру) және жетекшілердің іссапар шығыны жіберуші тарап есебінен өтеледі.