2026 жылғы 9 қазанда Өскемен қаласында № 41 жалпы орта білім беретін мектебі базасында «Келешек мектептері» оқушылар арасындағы облыстық командалық шахмат турнирі өткізілді.
Турнирдің мақсаты - оқушылар арасында ең мықты шахматшыларды анықтау, «Келешек мектептері» оқушылары арасында шахматты танымал ету.
Турнир командалық форматта ұйымдастырылды. Әр команда төрт негізгі ойыншыдан жасақталды. Қатысушылар тақталар бойынша төмендегідей бөлінді:
- 1-ші тақта – 9-11 сынып оқушысы (ұл),
- 2-ші тақта – 5-8 сынып оқушысы (ұл),
- 3-ші тақта – 1-4 сынып оқушысы (ұл),
- 4-ші тақта – 1-11 сынып оқушысы (қыз).
Турнир қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте:
І орын– «№ 40 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, Өскемен қаласы;
ІІ орын – «№ 41 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, Өскемен қаласы;
ІІІ орын – «№2 Белоусовка жалпы білім беретін мектебі» КММ Глубокое ауданы.
Спортшыларды жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта табыстар мен жетістіктер тілейміз!