2026 жылғы 8 қазанда Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «ӘDILET» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалымен бірлесіп, Шығыс Қазақстан облыстық жеңіл атлетикадан мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі мен Қажымұқан атындағы Шығыс Қазақстан облыстық жеке күрестен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі базаларында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің базаларында «ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР» республикалық балалар инклюзивті спорт фестивалінің облыстық кезеңін өткізді.
Фестиваль келесі үш спорт түрі бойынша өтті:
- «Бочча»;
- «Біз жеңімпаз боламыз!»;
- «Жеңіл атлетика».
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған командалар:
Бочча:
І орын – «Искра» командасы, Өскемен қаласы;
ІІ орын – «Луч» командасы, Өскемен қаласы;
ІІІ орын – «Атлетико» командасы, Өскемен қаласы.
Біз жеңімпаз боламыз!:
І орын – «Ракета» командасы, Ұлан ауданы;
ІІ орын – «Ақ сұңқарлар» командасы, Марқакөл ауданы;
ІІІ орын – «Шемонаиха 2» командасы, Шемонаиха ауданы.
Жеңіл атлетика:
І орын – «Глубоковское» командасы, Глубокое ауданы;
ІІ орын – «Мұрагер» командасы, Күршім ауданы;
ІІІ орын – «Бірлік» командасы, Күршім ауданы.
Фестивальге облыстың қалалары мен аудандарынан 3-4, 7-8 сынып оқушыларының 17 командасы қатысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды. Фестивальге қатысқан барлық балаларға естелік сыйлықтар табысталды. Фестиваль инклюзивті спортты дамытуға, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдауға және олардың физикалық әлеуетін арттыруға арналған маңызды алаңға айналды.
Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!