Оқушылардың жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерге қызығушылықтарын арттыру, теориялық білімі мен қабілеттерін тереңдету мақсатында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің базасында 2026 жылдың 01 қазанында 11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша XІХ Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.
Президенттік олимпиадаға аудандық, қалалық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты.
Оқушылар бір мезетте математика, физика, биология, және химия пәндерінен өз білімдерін көрсетті.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша 44 қатысушы жүлделі орындарға ие болды (I орын - 6 оқушы, II орын - 16 оқушы, III орын - 22 оқушы).
Олимпиада жүлдегерлерін, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз! Жоғары жетістіктер мен табыстар тілейміз!