2013 жылғы наурыздың 12 мен 18 аралығында Шығыс Қазақстан облысының командасы Талдықорған қаласында өткен жаратылыстану-математика бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға қатысты.
Шараны өткізудің мақсаты – ғылыми білімді насихаттау және оқушылардың ғылыми жұмысқа қызығушылығын арттыру, дарынды балаларды дамытуға қажетті жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға оқушыларды іріктеу және дайындау.
Жаратылыстану-математика бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының командасы II орынға және «2013 жылдың үздік олимпадалық командасы» атағына ие болды. Олимпиада жеңімпаздары болып келесі оқушылар атанды:
1. Аймуханбетов Санатжан – Өскемен қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ - түрік лицейінің 11 сынып оқушысы (химия);
2. Жардаев Мейрам - Семей қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ - түрік лицейінің 10 сынып оқушысы (химия);
3. Сорокина Алена – Семей қаласының №6 гимназияның 10 сынып оқушысы (химия);
4. Оттенс Григорий - Өскемен қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ - түрік лицейінің 9 сынып оқушысы (химия);
5. Алимгазиев Сержан - Семей қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ - түрік лицейінің 9 сынып оқушысы (физика);
6. Садуова Айгерим – Семей қаласының №6 гимназияның 9 сынып оқушысы (физика);
7. Мукашев Ануар – Өскемен қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ - түрік лицейінің 11 сынып оқушысы (информатика);
8. Тұрусбеков Диас - Өскемен қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ - түрік лицейінің 9 сынып оқушысы (информатика);
9. Салім Амир - Семей қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ - түрік лицейінің 11 сынып оқушысы (биология);
10. Аскеров Алямдар - Семей қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ - түрік лицейінің 8 сынып оқушысы (биология);
«Үздік оқушы» номинациясы бойынша – Қадырбеков Ақан, Өскемен қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және С. Демирель атындағы университетінің білім беру гранттарымен математика, физика және иформатика пәндері бойынша барлық жүлдегерлер жеңіп алды.
Коваленко Андрей - Өскемен қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ - түрік лицейінің 11 сынып оқушысы (математика) и Белтенов Нұртай - Семей қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ - түрік лицейінің 11 сынып оқушысы (математика) Ресейдің ЖОО білім ганттарын алуға таңдау берілді.
Алматы қаласының халықаралық IT Университеті Өскемен қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ - түрік лицейінің 11 сынып оқушысы Бабанов Айдарға (информатика) білім грантын ұсынды.
Жеңімпаздарды, мұғалімдер мен ата-аналарды құттықтаймыз. Сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!